Page 217 - indexf
P. 217

ге бағытталса да жаттықпаған адамдарға қарағанда спортшыларда
өмірлік маңызды («белсенді емес») дене мүшелері мен ұлпаларының
қанмен қамтамасыз етілу жағдайы жақсырақ болады.

    Сонымен қатар максималды аэробтық жұмысты орындау кезінде
спортшыларда рН айтарлықтай төмендейтінін және жұмыс атқа-
рушы бұлшық еттер арқылы өтетін веналық қан температурасының
жоғарылайтынын атап өткен жөн. Нәтижесінде оксигемоглобин
диссоциация қисығының оңға ығысуы (Бор әсері) жүреді, бұл ұлпа
капиллярларында қандағы гемоглобиннің оттегіден босауын және
оның бұлшық ет жасушаларына диффузиясын жеңілдетеді. Осы-
мен қатар диссоциация қисығының ығысуы маңызды «қорғаныс»
қызметін атқарады: жаттыққан бұлшық еттердің оттегіні күшті экс-
тракциялауына және оттегімен гемоглобиннің қанығу пайызының
өте төмендеуіне қарамастан, спортшылардың бұлшық еттік веналық
қанындағы оттегі парциалдық кернеуі орта есеппен жаттықпаған
адамдардан ерекшеленбейді және 10-20 мм сынап бағанасынан төмен
түспейді. Бұл оттегі кернеуінің жеткілікті градиентін ұстап тұруды
қамтамасыз етеді, сондықтан тіпті, капиллярдың вена ұшына тақау
орналасқан бұлшық ет жасушалары да қаннан оттегінің жеткілікті
мөлшерін алуын жалғастырады.

    Сонымен, жүрек-тамыр жүйесіне қатысты төзімділікке
жаттықтырудың басты әсерлері:

    А) жүрек қызметінің жоғарылауынан, яғни максималды жүректің
минуттық қан көлемінің (систолалық көлем есебінен) артуынан;

    Ә) систолалық көлемнің ұлғаюынан;
    Б) тыныштық күйдегі сияқты стандартты жұмыс кезінде де
ЖЖЖ төмендеуінен (брадикардия);
    В) жүрек жұмысының тиімділігінің (үнемділігінің)
жоғарылауынан;
    Г) дененің белсенді және белсенді емес мүшелері мен ұлпалары
арасында қан айналымының неғұрлым жетілдірілген қайта тараты-
луынан;
    Ғ) жаттыққан бұлшық ет және басқа дененің белсенді мүшелері
мен ұлпалары (соның ішінде жүректің) капиллярлануының
күшеюінен тұрады.

           217

⇐ МАЗМҰНЫ
   212   213   214   215   216   217   218   219   220   221   222