Page 222 - indexf
P. 222

Жаттыққан адам аэробтық жұмыс кезінде жаттықпаған адамдар-
мен салыстырғанда майлардың тотығуы есебінен салыстырмалы көп
энергия және сәйкесінше, көмірсулар тотығуы есебінен аз энергия
алады. Бұл бірдей абсолютті немесе салыстырмалы қуаттылықты
жұмыс кезінде жаттыққан адамдарда жаттықпаған адамдармен
салыстырғанда неғұрлым тыныс коэффицентінің төмен болуымен
көрініс береді. Мұндай майларды басым қолдану жаққа субстратты
энергиялық ығысу «май ығысуы» ретінде белгіленуі мүмкін. Мұның
неғұрлым шектеулі көмірсулар қорын сақтауда маңызы зор. Субмак-
сималды аэробтық жүктеме кезінде қажудың басты механизмдерінің
бірі бұлшық еттік гликогеннің шығындалуы болып табылатындығы
өткен 5-тарауда айтылған болатын. Төзімділікке жаттыққан
спортшылардағы «май ығысуы» бұлшық еттік гликогеннің баяулау
(үнемдірек) шығындалуына әкеледі және осылайша оның түгесілуі
уақытын жылжытады, сәйкесінше, жаттығуды орындау ұзақтығын
жоғарылатады. Неғұрлым бұлшық еттің тотығу қабілеті жоғары
болса, соғұрлым «май ығысуы» көбірек және соғұрлым сәйкесінше,
тапшы бұлшық ет гликогені аз шығындалады (көп сақталады).

    Май қышқылдарын көп қолдану жұмысшы бұлшық еттердің глю-
козаны пайдалануын азайтады және осының арқасында спортшыны
жұмыс қабілеттілігін шектейтін (лимиттейтін) гипогликемияның да-
муынан қорғайды.

    Бұдан басқа, көмірсуларды азырақ қолдану бұлшық еттерде лак-
тат мөлшерінің төмендеуіне әкеледі. Ақиқатында жақсы жаттыққан
спортшыларда жаттықпаған адамдарға қарағанда бұлшық етте лак-
тат мөлшері төмен болады. Тура осындай жағдай сол бір адамда
төзімділікке жаттықтыру кезеңінен кейін байқалады. 12 апта бойы
төзімділік жаттығуларының энергиялық алмасу ферменті сукцинат-
дегидрогеназа (СДГ) белсенділігіне әсері 51-суретте көрсетілген.

    Сонымен төзімділікке жаттықтыру:
    1.	Организмнің максималды аэробтық мүмкіндігін күшейтетін;
    2.	Аэробты жұмыс орындау кезінде организм қызметінің
тиімділігін (үнемділігін) жоғарылататын екі негізгі әсерді тудыра-
ды.
    Бірінші әсер максималды аэробтық жүктеме кезінде ОМП (және
басқа функциялық көрсеткіштердің) артуымен көрінсе, ал екінші
әсер туралы стандартты максималды емес аэробтық жүктеме
кезінде ЖЖЖ, ӨВ, дене температурасы, қандағы лактат концентра-

           222

⇐ МАЗМҰНЫ
   217   218   219   220   221   222   223   224   225   226   227