Page 223 - indexf
P. 223

циясы және т.б. физиологиялық көрсеткіштердің төмен болатындығы
бойынша бағалауға болады.

    Төзімділікке жаттықтырудың оң әсерлерінің негізінде оттегі та-
сымалдау, оттегі утилдеу және басқа физиологиялық жүйелердің
құрылымдық-функциялық өзгерістері, сонымен қатар аэробтық
жұмысты орындау үдерісінде бұл жүйелер қызметінің орталық-
жүйкелік және гуморалдық реттелуінің толық жетілдірілуі жатыр.

             51-сурет. Энергиялық алмасу ферменттерінің бірі –
сукцинатдегидрогеназа (СДГ) белсенділігіне төзімділік жаттығуларының

          әсері (Images courtesy of John Faulkner and Timothy White)

    Спорттық практикадағы төзімділік түсінігі. Төзімділік
(шыдамдылық) дене сапасы спортшының жалпы дене дайындығы
мүмкіндігін спорттық көрсеткіштерде және күнделікті өмірде
қолдануымен анықталады. Төзімділік қасиеті адамның қан ай-
налу, тыныс алу, жүйке жүйесі қызметі және дене қуатын сақтау
мүмкіндігімен анықталатындығы белгілі.

    Төзімділік дене сапасы ретінде:
    –– жұмысты шаршамай бір қалыппен ұзақ орындау мүмкіндігімен;
    –– шаршау жағдайында жұмысты орындау жылдамдығының аза-
юымен көрінетін екі түрде анықталады.
    Спорттық ғылымда төзімділікке спортшының шаршауға қарсы
тұра білу мүмкіндігі деп анықтама берілген. Төзімділік дене са-
пасы барлық спорт түріне қажет. Ол бір спорт түрлерінде уақыт

           223

⇐ МАЗМҰНЫ
   218   219   220   221   222   223   224   225   226   227   228