Page 224 - indexf
P. 224

көрсеткіші бойынша (орташа және қашықтыққа жүгіру, спорттық
жүріс), бірінде қозғалысты таза дұрыс орындап шығу (гимнасти-
ка, т.б.), ал енді бірінде үлкен жаттығу жүктемелерін орындай білу,
жаттығу арасында жылдам қалыпқа келу арқылы көрініс береді.

    Спорттық тәжірибеде төзімділік жалпы және арнайы деп екіге
бөлінеді.

    Жалпы төзімділік деп адам организмінің барлық мүмкіндіктері-
нің берілген жүктемені орташа қарқынмен ұзақ уақыт бірқалыпты
жұмыс істей алуы жағдайын айтады.

    Төзімділік дамуы:
    –– адам организмінің тыныс алу мүмкіндігі;
    –– жүгіру техникасын меңгеру сапасы;
    –– күш, жігердің даму сапасы жағдайлары арқылы анықталады.
    Төзімділіктің негізі организмнің аэробты мүмкіндігі болып са-
налады. Оның көрсеткіші ретінде өкпенің тіршілік сыйымдылығы
(ӨТС, л/мин) – өкпенің оттегін максималды қабылдау мүмкіндігі
алынады.
    Адамның жалпы төзімділігі организмнің жүрек-қантамырлар,
тыныс алу жүйелері қызметі мен спортшының өзіне қажетті
қозғалыс түрлерін үнемді пайдалану, сонымен қатар жүктемелерді
орындағаннан кейін пайда болатын шаршау түрлеріне қарсы тұра
білу мүмкіндіктерімен анықталады.
    Арнайы төзімділік – cпортшының маманданған спорт түріне тән
атқарылатын жұмысты ұзақ уақыт және жоғарғы қарқында орындай
алу мүмкіндігі. Мысалы, циклдік спорт түрлерінде арнайы төзімділік
спортшының белгіленген қашықтықты белгілі бір жылдамдықта өту
мүмкіндігімен анықталады.
    Кейінгі уақытта мамандар спринтерлік төзімділікті жеке көрсетіп
жүр. Оған 1 минут уақыт аралығына дейінгі орындалатын 100-400
метрге жүгіру, 500 метрге конькимен сырғанау, 50-100 метрге жүзу
алынып отыр.
    Арнайы төзімділіктің физиологиялық көрсеткіші спортшының
анаэробты мүмкіндігі болып табылады. Бұл төзімділіктің тек
энергиялық көрсеткіші болып табылады.
    Арнайы және жалпы төзімділікспортшының барлық дене
дайындығы көрсеткіші, психологиялық дайындығы, спорттық
шеберлігі дәрежесі көрсеткіштері жиынтығымен пайдалы іске асы-
ра алу қабілетімен анықталады.

           224

⇐ МАЗМҰНЫ
   219   220   221   222   223   224   225   226   227   228   229