Page 225 - indexf
P. 225

Адамның жалпы төзімділігін арттыруға арналған негізгі
жаттығу түрлерінің бірі жүгіру болып табылады (15-тарауда
жүгіру туралы толық баяндалған).

    Төзімділікті арттыруға арналған басқа жаттығулар ішінде ең
қарапайымы және қолдануға ыңғайлысы – жүгіру жаттығулары.

    Жүгіру жаттығуларымен жылдың барлық мезгілінде жеке-жеке
немесе топталып жаттығуға болады. Жүгіру жаттығулары арнайы
құралдар мен орындарды қажет етпейтіндігімен қолайлы.

    Жүгіру кезінде адам организміне пайдалы әсер етуші жағдайлар
көп болады, аяқпен жерге басу кезінде дененің төменгі бөлігіндегі
қанның жоғары көтерілуіне жақсы жағдай туындайды, қан айналы-
сы жақсарып, қан жүру мүмкіндігі артады.

    Жүгіру жаттығулары адамның салауатты өмір сүруге
бейімделуіне, денсаулығын нығайтуға көмектесетін дене тәрбиесі
түріне жатады (Д. Оңғарбаева және әріпт., 2013).

Ептіліктің даму заңдылықтары мен механизмдері

    Ептілік және иілгіштік (немесе икемділік) негізгі дене
сапаларының қатарына жатады. Ептілік адамның жеке дара өмірі
барысында, соның ішінде спорттық жаттығу үдерісінде жақсы да-
миды. Ал, керісінше, иілгіштік айтарлықтай генетикалық бақылау
ықпалында болады және осыған орай оған тыңғылықты іріктеу
жүргізу қажет.

    Ептілік – жаңа, үйреншікті емес жағдайларда жаңа қозғалыстар
түрлерін жылдам меңгеру кезінде дене қимыл-қозғалысының коор-
динациясымен және дәлдігімен анықталатын дене сапасы.

    Ептілік қабілет вестибулярлық аппарат пен қаңқаның барлық
бұлшық еттерінің үйлесімді жұмыс істеуін талап етеді. Бұл
дене сапасының барлық спорт түрлері, соның ішінде күрделі
координациялық спорт түрлері (кедергі арқылы жүгіру, гимнастика,
акробатика) үшін маңызы зор.

    Ептіліктің өлшемін анықтау өте күрделі болып келеді, оны қандай
көрсеткіштермен өлшеу әлі де анықталған жоқ. Ептілікті бағалау
кезінде орындалатын жаттығудың күрделілігі, дәлдігі, уақыты есеп-
ке алынады.

    Епті қозғалыс – бұл қозғалыс түрлерін кеңестікте өте дәл

           225

⇐ МАЗМҰНЫ
   220   221   222   223   224   225   226   227   228   229   230