Page 226 - indexf
P. 226

және белгілі бір берілген уақыт аралығында дұрыс орындап шығу
шеберлігімен анықталады. Cонымен қатар кеңестікте қозғалу, уақыт
мөлшері, орындалу дәлдігі әртүрлі өзгермелі жағдайда да өтуі
ықтимал.

    Сонымен адамның ептілік қабілеті жаңа қозғалыстар
түрлерін жылдам меңгерумен, күтпеген жағдайда пайда болған
жаңа қозғалысқа тез бейімделу және дәл орындау мүмкіндігімен
анықталады.

    Ептілік белгілері координациялық күрделілік, қозғалыс дәлдігі
және оны тез орындау болып табылады. Бұл қабілеттердің негізінде
экстраполяция құбылысы жатыр (экстраполяция құбылысы жайын-
да 6-тарауда толығымен баяндалған). Экстраполяция дегеніміз –
жүйке жүйесінің бұрын болған тәжірибе негізінде келесі туындаған
қозғалыс міндеттерін барабар шешу қабілеті яғни ортаны жақсы
бағдарлау, алда болуы ықтимал жағдайды болжау, алдын ала
көре білу, қозғалмалы объектіге жылдам реакция, лабилділіктің
(мүмкіндігінің) және жүйке үдерістері қозғалғыштығының жоғары
деңгейі, әртүрлі бұлшық еттерді жеңіл басқара білу қабілеті. Ептілік-
ті дамыту үшін жаттығу үдерісінде сол бір қимыл әрекетін орында-
уды әртүрлі жағдайларда өзгертіп отыру, қозғалыс нәтижесі жайын-
да қосымша жедел ақпарат қолдану, уақыт тапшылығы жағдайында
шешімді тез қабылдау дағдысын қалыптастыру қажет етіледі.

    Спорттық практикадағы ептілік түсінігі
    Ептілік дене сапасы қабілеттердің күрделі кешенінен тұрады.
Ептілік – біріншіден, жаңа қимыл әрекеттері мен қимыл дағдыларын
түзу қабілеті (қимыл дағдысы элементарлық емес, бір-бірімен байла-
нысты бірнеше фазалардан тұратын кешенді біртұтас қимыл актісі);
екіншіден, жағдайдың өзгеруіне байланысты бір типті қозғалыстан
екіншісіне жылдам ауыса алу және күрделі координациялық
қозғалыстарды орындау болып табылады, яғни ептілікті:
    –– бірінші, қозғалысты кеңістікте дәл және үйлесімді орындау
мүмкіндігі;
    –– екінші, қозғалысты кеңістікте дәл және үйлесімді орындауды
қысқа мерзімде орындай алуы;
    –– үшінші, қозғалысты кеңістікте дәл және үйлесімді орындау-
ды қысқа уақыт аралығында және өзгермелі жағдайда орындай алуы
сияқты үш сатыға бөліп қарастырады.
    Үшінші жағдай ең күрделісі болып табылады.

           226

⇐ МАЗМҰНЫ
   221   222   223   224   225   226   227   228   229   230   231