Page 227 - indexf
P. 227

Бірінші сатыда дәлдік, екіншіде дәлдік пен жылдамдық, үшіншіде
дәлдік және жылдамдық өзгермелі жағдайда орындалады.

    Ептілікті қалыптастырудың жолдары:
    –– жаңа қозғалыс түрлеріне тәрбиелеу;
    –– бұлшық еттердің үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
    –– барлық жағдайда тепе-теңдікті сақтауға үйрету (Д. Оңғарбаева
және әріпт., 2013).
    Сонымен, ептілік бір жағынан адамның күтпеген жағдайларда
қимыл әрекеттерін тез арада қалыптастыра алатын белгілі бір
шығармашылық қабілеті, ал басқа жағынан оның координациялық
(үйлесімділік) мүмкіншіліктері деп түсіндіріледі.

Иілгіштіктің даму заңдылықтары мен механизмдері

    Иілгіштік немесе икемділік үлкен амплитудалы буындарды
қозғалта білу қабілеті, яғни буын қозғалмалығы ретінде анықталады.
Буындар – араларында «үзіктер», яғни буын қуысы болатын
сүйектердің үзікті қозғалмалы байланысуы. Адамның иілгіштік
қабілеті деп дене жаттығуларын үлкен амплитудалық жағдайда
орындай білуін айтады. Ол арнайы гониометр құралдарыарқылы
өлшенеді.

    Ол қозғалыс аппаратын басқара білу қабілетіне және оның
морфологиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне (бұлшық ет
тұтқырлығына, сіңірлердің серпімділігіне (эластикалығына),
омыртқа аралық дискілер күйіне) байланысты. Иілгіштік дене са-
пасы баланың 15 жасқа дейінгі уақытында өзінің табиғи қалпымен
өседі, одан кейінгі уақытта бұл қабілеттілік төмендей бастайды.
Сондықтан иілгіштік қабілетті ерте бала жастан тәрбиелеу пайдалы
болып келеді. Бұл дене сапасы сыртқы қоршаған ортаның темпера-
турасына да байланысты өзгереді, тамақтанғаннан кейін төмендейді.
Иілгіштік сапасы бұлшық еттерді қыздырған кезде жақсара түседі,
ал суықта нашарлайды. Күш пен иілгіштік бір-біріне кедергі болып
жататын кездер де байқалады, бұл жағдайды арнайы жаттығулар
арқылы реттеуге болады. Ол ұйқы кезінде және қажу жағдайында
төмендейді. Иілгіштік мөлшері таңертең минималды болып, түс
кезіне таман (12-17 сағатта) максимум мәнге жетеді. Иілгіштіктің
артуы сөре алдыңғы қозу күйінде жүректің жиырылу жиілігі

           227

⇐ МАЗМҰНЫ
   222   223   224   225   226   227   228   229   230   231   232