Page 228 - indexf
P. 228

жоғарылаған кезде, бұлшық еттерден қан ағысы жылдамдағанда
көрініс береді және бой жазу нәтижесінде олардың қыздырынуы
орын алады.

    Иілгіштіктің активті және пассивті түрлерін ажыратады:
    1. Активті иілгіштік буындардағы ерікті қозғалыстар кезінде
көрінеді, яғни буындардың бұлшық еттер көмегімен ең жоғарғы ам-
плитудада жұмыс жасай алу мүмкіндігін айтады. Үлкен амплитудада
жұмыс жасау қабілетіне арнайы бұрылу, сілтеу, созу жаттығуларын
орындату арқылы іске асырады.
    Жаттығу кезінде қосымша салмақтарды пайдалану жаттығула-
рын енгізуге ерекше көңіл бөлу қажет. Қосымша салмақтарды пай-
далану буынға, бұлшық еттерге инерциялық қозғалыс созу әсерін
беру арқылы іске асырылады.
    2. Пассивті иілгіштік сыртқы күш әсерінен бұлшық еттердің со-
зылуы кезінде байқалады, яғни сыртқы күшті пайдалану арқылы
(мысалы, адам күшін) үлкен амлитудаға жетуге бағыттап қолданады.
Осы жаттығулардан басқа статикалық жаттығулар да кеңінен
қолданылады.
    Статикалық жаттығуларды орындау кезінде буынның ең шекті
амплитудада жұмыс жасауын қозғалыссыз жағдайда ұстап тұру
қадағаланады. Жаттығуларды статикалық жағдайда орындау
пассивті түрге қарағанда, иілгіштікті арттыруда тиімді болып сана-
лады.
    Буынның қозғалмалылығын кемітетін сол буынның жанындағы
бұлшық еттер болып табылады. Сондықтан алдымен буын
жанындағы бұлшық еттердің созылғыштығын (эластикалығын) арт-
тыру қажет. Бұлшық еттердің созылғыштығы сол бұлшық еттердің
дұрыс босай алмау жағдайынан болады, сондықтан бұлшық еттерді
босаңсытуға арналған жаттығуларды көп беру қажет.
    Ерлермен салыстырғанда әйел адамдар сіңір-бұлшық ет
аппаратының жоғары икемділігіне ие, осыған орай оларға көлденең
шапқа отыру сияқты көптеген күрделі жаттығуларды меңгеру оңайға
түседі. Кемел жас пен егде жастағы тұлғаларда барлығынан бұрын
омыртқа икемділігі төмендегенмен, саусақ пен алақан икемділігі
бәрінен ұзақ сақталады. Егде жаста инволюциялық (кері даму)
өзгерістер сіңір шоқтарының дезорганизациясы (құрылымының
бұзылуы) мен сіңірлердің серпімділік қасиеттерінің кемуіне әкеледі.
Сонымен қатар шеміршектердің эластикалық қасиеттері аталмыш жас
кезеңінде төмендей бастайды.

                                      228

⇐ МАЗМҰНЫ
   223   224   225   226   227   228   229   230   231   232   233