Page 229 - indexf
P. 229

Спорттық практикадағы иілгіштік түсінігі
    Тәжірибеде иілгіштіктің жалпы және арнайы түрлерін ажырата-
ды.
    Жалпы иілгіштік барлық жалпы жетілдіру дамыту жаттығула-
рының түрлерін қолдану кезінде арттырылады.
    Арнайы иілгіштік негізінен спорт түрінің ерекшелігіне
бағытталған жұмыс кезінде іске қосылатын буындар мен бұлшық
еттер мүмкіндігін жетілдіруге арналады. Сондықтан арнайы
жаттығулар түрлері таңдаған спорт түріндегі қозғалыстармен бірдей
болып келеді.
    Иілгіштіктің барлық түрлерін арттыруға қажетті ұсыныстар:
    –– буындардың қозғалмалылығын арттыру үшін берілген
жаттығуды көп рет қайталау қажет. Сонымен қатар жаттығудың бір
түрін қайталай беруге болмайды. Әртүрлі жаттығуларды қолдану
адамның психикасына жағымды әсер етеді;
    –– әр спортшыға оның спорт түрінің ерекшелігіне арналған
жаттығулар арнайы таңдалынып алынады. Мысалы, кедергілерден
жүгірушілерге арналып үш түрлі бағыттағы жаттығулар алынады.
Бірінші «шпагат» аяқтарды неғұрлым горизанталды бағытта созу
мүмкіндігіне арналған жаттығулар. Екінші кедергіден еңкейіп өту.
Үшінші кедергіден өту кезінде аяқты жанына көтеру;
    –– иілгіштік қабілетті арттыруға арналған жаттығуларды бермес
бұрын алдымен барлық денені жақсы қыздырыну;
    –– буын амплитудасының шегі созылушы бұлшық етте ауыру
әсерінің пайда болуы;
    –– бұлшық еттердің жаттығу орындағаннан кейінгі келесі күні
пайда болуы, жаттығуды тым көп бергеннің көрінісі болып табыла-
ды;
    –– жаттығу сабақтарында берілген бір бағыттағы жаттығулар
саны 80-120 жеткен кезде оны әрі қарай көбейтуді доғарған жөн,
соңынан қайталау саны кемігенімен орындау амплитудасын
төмендетпеу қажет.
    –– жарыстық уақыттарда иілгіштік қабілетті аптасына 2-3 рет
жаттығу санын 3-4 рет кемітілген жағдайда қайталап отырған тиімді;
    –– иілгіштікке арналған арнайы жаттығуларды орындауды
кемітсе иілгіштік мүмкіндігі 2-3 айдан кейін мүлдем төмендеп
кетеді, сондықтан үзіліс әсіресе, үлкен адамдарда 1-2 аптадан арт-
пауы қажет.

           229

⇐ МАЗМҰНЫ
   224   225   226   227   228   229   230   231   232   233   234