Page 230 - indexf
P. 230

Арнайы иілгіштікті арттырудың жалпы әдістемесі
    Жеңіл атлетика спортында спортшылардың иілгіштік қабілетінің
жақсы болуы олардың спорттық жетістіктерінің артуына тікелей
әсер етеді.
    Иілгіштік қабілетті арттыруға арналып көптеген түрдегі ар-
найы жаттығулар таңдалынып алынады. Сонымен қатар жеңіл
атлетика спортының әр түрінің ерекшелігін ескеретін арнайы
амлитудалық жаттығулар жеке қолданылады. Ол үшін арнайы сол
жұмысқа қатысатын бұлшық етті созу жаттығулары алынады. Бұл
жаттығуларды орындау амплитудасын біртіндеп арттырып отырады.
    Бұлшық еттер мен буындар мүмкіндігін арттыру үшін арналған
ұсыныстар:
    –– арнайы салмақтарды қолданып немесе қолданбай орындала-
тын активті жаттығулар. Көмекші адам немесе қосымша салмақтарды
қолдану арқылы орындалатын пассивті жаттығулар;
    –– иілгіштікті арттыруға бағытталған серіппелі жаттығулар,
бүгу, сермеу, статикалық жаттығулар (қосымша салмақтарды неме-
се көмекші адамды қолдану). Жаттығуларды сериялы түрде 3-5 рет
қайталау, орындау кезінде амплитуданы арттырып отыру, бастапқы
кезде ақырын соңынан жылдам орындау;
    –– сабақ мақсатына байланысты қажетті амплитуда мөлшеріне
жету мақсатында жаттығу мөлшерін анықтау;
    –– спортшының жаттығу сапасы артқан сайын амплитуда
мөлшерін көбейтіп отырады, амплитуда мөлшерінің шегі бұлшық
еттің ауырғандығымен анықталады. Бұлшық еттің тарамыспен
жалғасқан жеріндегі ауырсыну сезімі жаттығуды тоқтатуға арналған
белгі болып саналады;
    –– иілгіштік қабілетті арттыру жаттығуды жиі қайталауды талап
етеді;
    –– үлкен адамдарға иілгіштігін арттыру үшін күніне бірнеше рет
жаттығуларды қайталау қажеттігі туындайды;
    –– әр спортшы өзінің таңдаған спортына байланысты иілгіштіктің
қай түрі және қай буынға қажеттігін білуі керек. Кедергілерден
жүгірушілерге дене буындарындағы қозғалмалылық қабілетінің
бір түрі қажет болса, ал найза лақтыру, биіктікке секіушілерге
басқа түрлері қажет. Осы ерекшеліктерді ескере отырып, арнайы
жаттығуларды таңдап алады;
    –– жаттығулар топтары бірінен соң бірі орындалады, арасындағы
үзіліс уақыты 2-3 минуттан аспайды;

                                      230

⇐ МАЗМҰНЫ
   225   226   227   228   229   230   231   232   233   234   235