Page 231 - indexf
P. 231

–– әр жаттығулар топтарын қайталау саны бастапқы кезде 10 рет-
тен басталып, екі ай соңына қарай 50-80-ге жетуі ықтимал;

    –– иілгіштікті арттыруға арналған жаттығулар күніне екі реттен
қайталанатын болса, онда орындау санын азайтуға болады, бірақ
жоғарыда көрсеткен саннан кем болмауы қажет;

    –– иілгіштікке арналған жаттығуларды үй жағдайында,
таңертеңгілік немесе кешкілік уақытта да орындауға болады.

    Иілгіштікті арттыруға жаттығу жұмыстарының дайындық
кезеңінде көп көңіл бөлінеді. Қажетті иілгіштік мөлшеріне жет-
кеннен соң жаттығу көлемін артырудың қажеттігі жоқ. Иілгіштікті
сақтау мақсатында аптасына 2-3 рет қайталау жұмыстары жүргізіліп
отырады. Жаттығу жұмыстарын қайталамаса иілгіштік қабілет
төмендейді. Жоғарыдағы иілгіштікті арттырудағы қолданылатын
жалпы және арнайы әдістемелер Д. Оңғарбаева, Г. Мадиева,
Е. Алимханов (2013) еңбегінде толығымен баяндалған.

Әртүрлі дене сапаларының даму механизмдерінің өзара
                              байланысы

    Жүйелі жаттықтырудың ең бастапқы кезеңдерінде барлық дене
сапалары бір мезгілде жетілдіріліп отырса, кейінірек бұл даму
әртүрлі дәрежеде өтеді. Кейбір жаттығу түрлерінде олардың да-
муы баяуласа, басқаларында керісінше, жетіле түседі, ал кейбір
жаттығуларда бір дене сапасының дамуы басқаларының дамуына
кедергі келтіруі де мүмкін.

    Күш, жылдамдық және төзімділіктердің өзара байланысы
олардың физиологиялық механизмдерінің, олардың физиологиялық
қорларының ортақтығымен анықталды. Алайда, бұл ортақтық
толық емес болғандықтан олардың өздеріне тән дамуы, көрінуі
және жойылып кетуі бойынша айырмашылықтары болады. Дене
сапаларының көрінуі мен өзара байланысының барлық жағдайлары
негізінде орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) шартты және шарт-
сыз рефлекстік қызметі, ОЖЖ орталықтарының бір-бірлерімен
өзара қызметтері арасындағы және осы орталықтардың ішкі секре-
ция бездерімен координациясы (үйлесімділігі) жатады. Кез келген
дене сапасының өндірілуі қимыл бірліктерінің жұмысынан баста-
лады, олар тура және кері (жүйкелік және гуморалдық) байланыс-

           231

⇐ МАЗМҰНЫ
   226   227   228   229   230   231   232   233   234   235   236