Page 27 - indexf
P. 27

мінез-құлық пен жалпы әрекетін жоғарғы сапада қамтамасыз етеді.
Бұл оның гипоксияға, суыққа, тамақтың тапшылығына бұрын
байқалмайтын төзімділігін тудырады.

    Жеке организм деңгейінде бейімделудің: туа болған және
жүре болған, жеке (даралық) және қауымды (түрлік), жалпы және
маманданған, арнайы және бейарнайы, ішкі және сыртқы, шарт-
ты және шартсыз, қалыпты және төтенше, морфологиялық және
физиологиялық, соматикалық және психикалық, т.с.с. түрлерін ажы-
ратады.

    Сыртқы ортаның құбылмалы өзгерістеріне дені сау адамның
бейімделуі арнайы физиологиялық реакциялар арқылы жүзеге асы-
рылады.

    Физиологиялық бейімделу деп организмнің жүйе, мүше, ұлпа
қызметтерінің белсенділігі мен олардың өзара байланысын реттеуші
механизмдердің орнықты деңгейін айтады. Мұның мәні жаңа
орта жағдайларында организмнің сақталуына, дамуына, қалыпты
тіршілігін қамтамасыз ететін әрекеттердің қайта құрылуына келіп
тіреледі. Сонымен бірге қоршаған ортаның өзгермелі жағдайларында
адамның ұзақ өмір сүруі, жұмысқа қабілеттілігінің сақталуы, ұрпақ
жаңғыртуы бейімделудің көрнекті белгілері болып саналады.

    Морфологиялық бейімделудің негізін жасушалық бейімделу
түзеді. Жасушалық бейімделу деп тіршілігін сақтап қалу үшін
әртүрлі қоршаған орта жағдайларына жасушаның икемделуін ай-
тады. Ол организмдік бейімделудің бастапқы кезеңі болып санала-
ды. Жасушалық бейімделуді шамамен, генотипті және фенотипті
деп екіге жіктейді. Генотипті (тектүр) бейімделу шыдамды, берік
жасушаларды іріктеу нәтижесінде пайда болады. Ал фенотипті
(белгітүр) бейімделу зиянды факторларға қарсы қорғаныш реакция-
сы ретінде туады. Ол тітіркендіргіштердің қарқыны мен мерзіміне
байланысты болады. Сондықтан бейімделудің ұзақтығы және
жасушаның төзімділігі өзгеріп отырады.

    Организмнің фенотипті бейімделуін даралық бейімделу деп
те атайды. Ол ортаның белгілі факторларына бұрын болмаған
тұрақтылықты және алдында шешімі қиын мақсаттарды жаңаша
шешу мүмкіндігін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Мұнда ең
әуелі осы нақтылы факторға жауапты физиологиялық жүйелер
жұмылдырылады, соңынан жалпы бейарнайы стреске қарсы жүйелер
іске қосылады. Даралық бейімделу түрлік икемделудің құрамына

           27

⇐ МАЗМҰНЫ
   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32