Page 28 - indexf
P. 28

кіріп, оның дамуына әсер етеді. Бұл популяциялық бейімделу.
Популяциялық-түрлік бейімделу тұқымқуалаушылық арқылы жеке
организмдерге беріледі.

    Жалпы бейімделу организмнің екі түрлі реакциясына бай-
ланысты болады. Біріншісінде, әсер етуші факторларды түйсіну
үшін физиологиялық реакция белсендіріледі, ал екінші түрінде,
оның факторлар әсерімен кездесуден организм қашқақтайды.
Өйткені организмнің функциялық күйіне, жағдайына байланысты
бейімделетін факторлар жағымды немесе жағымсыз реакциялар
тудыруы ықтимал. Сондықтан көбінесе, бейімделудің мәнін толық
ұғыну оның пайда болатын жағдайларын айқындауды талап етеді.

    Адамдарға төтенше факторлар әсер еткенде екі түрлі реакция
байқалады. Біреуі барабар жауап беру болса, екіншісі – абыржу
реакциясы. Барабар реакция организмнің арнайы жауаптары арқылы
төтенше факторлардың әсерін әлсіретіп немесе жойып, оның қажетті
іс-әрекетін сақтауға бағытталады. Мұндай жағдайда адам байып-
ты, мақсатты мінез көрсетеді. Оған көтеріңкі сезім күйі (эмоция)
әсер етеді. Организм реакциясының бұл түрінде талдағыштардың
сезімталдығы өзгереді, зейін шоғырланады, қысқа мерзімдік және
оперативті зерде жақсарады, іс-қимылдар дәйекті жоспармен
атқарылады. Адамды қырағылық, қосымша сақтық пайда болады.

    Абыржу реакциясы кезінде талдағыштардың түйсіну
табалдырығы көтеріледі, зейін шашырайды, зерденің көлемі азайып,
адамның жұмысқа қабілеттілігі төмендейді. Абыржу реакциясының
активті және пассивті түрлері бар. Активті түрін үрей билеген
адамның мінезінен байқауға болады. Ол пайда болған жағдайдан
қашу әрекетінен басталады. Алайда, бұл мінездік көрініс қисынсыз,
орашолақ түсініксіз жағдайда байланысы жоқ қимылдардан тұрады.
Адамның эмоциялық күйі тасып, еліктеу және илану қасиеттері
жоғарылайды. Ал абыржу реакциясының селқос түрінде, керісінше,
белсенді қимыл тыйылады. Адам дағдарып, еркінен айрылып, есінен
танады. Ықпал еткен фактор әсерінен мелшиіп, қаша алмайды. Бүкіл
талдағыштардың сезімталдығы өте төмендейді.

    Әдетте, төтенше факторларға жауаптың түрі оларды тудыратын
себептердің сипатына байланысты. Осы себептерді жағдайға бай-
ланысты сыртқы, ішкі және әлеуметтік деп жіктейді. Сыртқы се-
бептер әсер етуші факторлардың күші, қарқыны, мерзімі, ырғағы,
қасиеттеріне байланысты болады. Сонымен бірге іс-әрекетті

           28

⇐ МАЗМҰНЫ
   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32   33