Page 25 - indexf
P. 25

тексеру және жазу), электроэнцефалография (мидағы электрлік
үдерістерді тексеру және жазу), электрокардиография (жүрек соғу
жиілігін тексеру), спирометрия (өкпенің тіршілік сыйымдылығын
тексеру), қозғалыстың сыртқы құрылымын зерттейтін – циклография
(қозғалыстағы дене бөліктеріне бекітілген лампаларды секундына
жүзге дейін фотоға түсіру арқылы қимыл кезеңдерін тіркеу), тензо-
метрия (тензоқадағалар көмегімен дене жаттығуларын орындаудағы
күш салуды тіркеу), гониометрия (иілгіштік дене сапасын бағалау
мақсатында буындардағы қозғалыс амплитудасы бұрыштық граду-
сын өлшеу), дағдының моторлы және вегетативті құрылымдарын
жинақты тіркеу, механография (бұлшық ет жиырылуын тіркеу),
күш пен жылдамдық сапаларын бағалау үшін қолданылатын тест
стандарты, қимылдардың кеңістікті, күшті, уақытты өлшемдерін
бағалау әдістері, спироэргометрия (спирометрия немесе спирогра-
фия арқылы сыртқы тыныс алу мен негізгі алмасуды бір мезгілде
зерттеу), термометрия (температураны өлшеу), тер бөлінуді бақылау
әдістері, оксигемометрия (оттегі мен гемоглобинді өлшеу), пнев-
мотахометрия (максималды тез тыныс алу және тыныс шығару
кезіндегі ауа бағытының жылдамдығын анықтау), реоэнцефало-
графия (церебралды қан айналымын зерттеу), хронаксиметрия
(тітіркендіргіштің әсер ету уақытына байланысты жүйкедегі қозу
дәрежесін зерттеу), теппинг-тест (қол басы қозғалыстарының мак-
сималды жиілігін анықтау), треморография (қол мен саусақтың
механикалық тербелісін анықтау), актография (ұйқы кезінде
қозғалыс белсенділігі динамикасын анықтау), функциялық жүктеме
немесе сынамалар (Розенталь, Штанге, Генч, Ромберг, Яроцкий,
саусақ – мұрын), рефлекстерді (құрсақ, тізе, ахиллов, тері, жергілікті
дермографизм, Ашнер рефлексі, Даниелопол клиностатикалық,
Превел ортостатикалық және қарашық рефлекстері) зерттеу әдістері
және т.б. пайдаланады.

    Жоғарыда көрсетілген көптеген әдістерді қолдана оты-
рып, дене тәрбиесі мен спорт түрлері физиологиясы пәні дене
жаттығуларының, спорттық шынығудың және қоршаған ортаның
әртүрлі жағдайларының спортшылар организміне әсерін анықтап,
денсаулығына қажетті қолайлы жағдай тудыруды мақсат етіп қояды.

           25

⇐ МАЗМҰНЫ
   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30