Page 26 - indexf
P. 26

ІІ тарау
Бұлшық ет қызметіне бейімделу және

     организмнің қызметтік қорлары

           Бейімделу және оның кезеңдері

    Тірі организм сыртқы ортаның құбылмалы өзгерістеріне үнемі
бейімделуі арқылы дамиды және жоғары сатыға көтеріледі.

    Бейімделу (адаптация) – қоршаған ортаның құбылмалы әртүрлі
жағдайларында организмнің икемделуі. Ол жасушалық, мүшелік,
жүйелік және организмдік деңгейлерде өтеді, сөйтіп туа болған не-
месе жүре болатын икемделу әрекетінің барлық түрін көрсетеді.
Ортаның көптеген жағдайлары организмнің мұндай қасиеттеріне
адекватты (барабар) немесе адекватты емес (барабар емес) келеді.
Организмнің барабар тітіркендіргіштерге бейімделу қабілеті ұзақ
мерзімді эволюциялық даму сатысында қалыптасқан. Ал барабар
емес тітіркендіргіштер көбінесе, организм мен ортаның теңестірілу
қасиетін жояды.

    Табиғи және өндірістік жаңаша жағдайларда, организмге
жағымсыз әсер ететін қоршаған ортаның қолайсыз факторлары
жиі кездеседі. Бұларға физикалық-химиялық, орасан, ақпараттық,
семантикалық және биологиялық экстремалдық факторлар жатады.

    Организм барлық жағдайларға бар мүмкіндігінше өзінің
құрылымдық және қызметтік жүйелері арқылы бейімделіп отырады.
Оның табиғи ортадағы әртүрлі маусымдық жағдайларына икемде-
лу құбылысын акклиматизация деп атайды (акклиматизация туралы
толығымен 9-тарауда баяндалады). Ол бейімделудің жекеленген
түрі болып саналады.

    Бейімделудің түрлері. Қазір бейімделудің әр алуан түрлері
болғанымен, көпшілік мақұлдаған арнайы классификациялық топ-
тары жоқ. Бейімделуді мерзіміне қарай ұзақ мерзімдік және қысқа
мерзімдік деп жіктейді. Қысқа мерзімдік бейімделуді икемделудің
«авариялық сатысы» ретінде қарайды. Мұнда бейімделудің бастапқы
кезінде, жүйке жүйесінің орталық бөлімдерінің функциялық күйі ба-
рынша өзгеріп, организмнің әсерленгіштігін өсіруге мүмкіндік жа-
салады. Ұзақ мерзімдік бейімделу организмнің икемделу қабілеті,

           26

⇐ МАЗМҰНЫ
   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31