Page 29 - indexf
P. 29

ұйымдастыру сатысы, яғни жұмыс орны, мекені адамның техника-
мен қарым-қатынасы ықпал етеді. Ал әртүрлі реакция тудыратын
ішкі себептерге адам психикасының ерекшеліктері, мінез-құлқы
және организмнің хал-ахуалы жатады.

    Әлеуметтік себептердің ішінде іс-әрекеттің мақсатын,
адамдардың өзара қатынасын және талаптарын атауға бола-
ды. Осы себептердің салдарынан организмнің қалыпты жағдайы
өзгеріп, негізгі әрекеттері зор күш салу арқылы қамтамасыз етіледі.
Сондықтан оның физиологиялық қосалқы қоры тез азаяды, тіпті,
кейде сарқылады немесе үдеріске компенсациялық механизмдердің
тиімсіз түрлері жұмылдырылады.

    Алайда, организм сыртқы және ішкі ортаның әртүрлі фактор-
ларымен өзара әрекетінде осы белсендіру немесе тосқауылдау
механизмдерін барлық деңгейде қатар қолданады. Сөйтіп ол өзінің
бірнеше кезеңнен өтетін бейімделу үдерісін қамтамасыз етеді.

    Бейімделу кезеңдері
    Бейімделу нақтылы физиологиялық механизмдермен байланыс-
ты бірнеше кезеңдерден тұрады. Бейімделудің 1-кезеңі – бастапқы
кезең тітіркендіргіштер әсер еткен алғашқы сәттен басталады.
Мұнда әртүрлі бағытталған құрама реакция байқалады. Бірінші
құрама реакция бағдарлау рефлексіне байланысты. Бұл рефлекс
пайда болғанда, осыған дейінгі іс-әрекетті тежейді. Жалпы тежеуші
реакция күшті тітіркендіргіштің бәріне жауап ретінде туады.
    Екінші құрама реакция – қозу түрінде жүзеге асырылады. Мұнда
жүйкелік трофикалық ықпалдар белсендіріледі және мүшелердің
қызметі күшейеді. Бұл әсерленістерді симпатикалық адреналдық
жүйемен бірге орталық жүйке жүйесі атқарады. Алайда, бейімделудің
бастапқы кезеңінде, олар өзара үйлесімсіз болуы мүмкін. Сонымен
қатар бұл кезеңге организмнің эмоциялық өзгерістері де қатысады.
    Бейімделістің келесі сатысы – 2-кезең өтпелі кезең. Мұнда
орталық жүйке жүйесінің қозғыштығы төмендейді, гормондардың
белсенділігі азаяды. Ол кезде организмнің икемделу механизмдері
ұлпаларда тереңдей түседі.
    Бейімделудің 3-кезеңі тиянақты кезең – организмнің және
оның мүшелері мен жүйелерінің жаңа жағдайларға мұқият икемде-
лу сәтін көрсетеді. Олардың қызметі үйлесімді келеді. Организмнің
бейарнайы төзімділігі көтеріледі және әркелкі арнайы бейімделудің
механизмдері дамиды. Бұл кезең физиологиялық үдерістерді үнемді
атқарады және энергия шығынын азайтады.

                                       29

⇐ МАЗМҰНЫ
   24   25   26   27   28   29   30   31   32   33   34