Page 30 - indexf
P. 30

Бейімделудің бұл кезеңін ұдайы өзгермейтін тұрақты жағдай деп
қарастыруға болмайды. Организмде оның ауытқулары, өзгерістері
жиі болуы ықтимал. Өйткені оған әр алуан қосымша жанама фак-
торлар ықпал еткенде, ол өзінің тіршілік күйінің шығыны мен қайта
қалыптасуына байланысты туатын гомеостаздың жаңа деңгейін
үнемі сақтауға тиіс. Сондықтан бүкіл физиологиялық функциялар
зор күш салу арқылы жүзеге асырылады. Ол организмнің энергия
шығынын ұлғайтады, иммундық және гормондық қосалқы қорын
азайтып, аяғында бейімделудің бұзылуына – дизадаптацияға әкеліп
соғады.

    Дизадаптация кезеңі организмнің қызметтік қоры сарқылуы
немесе нейрогуморалдық және зат алмасудың өзара байланы-
сы бұзылуы нәтижесінен орын алады. Бұл жағдайда бейімделудің
бастапқы кезеңі сияқты іс-әрекеттің тұрақты көрсеткіштерінің
ауытқулары пайда болады. Олар үйреншікті тітіркендіргіштер ша-
мадан тыс немесе кездейсоқ факторлар көп уақыт әсер еткенде туа-
ды.

    Организм бейімделу тудырушы әсерлер болмаған жағдайда,
соның салдарынан туындаған морфологиялық және физиологиялық
ерекшеліктерден біртіндеп арылады. Алайда, оның жойылған икем-
делу реакциялары сол бейімдеуші факторлар тағы да әсер етсе,
қайтадан қалыптасуы мүмкін. Мұны қайта бейімделу (реадаптация)
деп атайды.

Бейімделу механизмдері мен белгілері

    Адам экологиясының негізгі мақсаты организмнің бейімделу
үдерісін қамтамасыз ететін физиологиялық механизмін зерттей оты-
рып, икемделу әрекетін жетілдіру болып саналады. Мұның басты
міндеті – адамның денсаулығын сақтау, оны жақсарту және аурудың
алдын алуда өте тиімді жүйелер жасау.

    Организмнің икемделуі негізін жүйкелік және гуморалдық ме-
ханизмдер құрайды. Денеге күшті, өте күшті, орасан және төтенше
тітіркендіргіштер оқыс әсер еткенде, оларды қабылдап, өңдейтін
негізгі жүйке құрылымдарында стрестік жағдай пайда болады.

    Қоршаған ортаның құбылмалы өзгерістеріне икемделуді жүзеге
асыратын бейімделудің жалпы физиологиялық механизмдері

           30

⇐ МАЗМҰНЫ
   25   26   27   28   29   30   31   32   33   34   35