Page 31 - indexf
P. 31

физиологиялық жүйелер арқылы атқарылады. Ол қозғағыш және
жағдайлық тітіркендіргішті бағалаудан басталып, шешім қабылдау
мен болашақ нәтижені алдын ала болжауды қалыптастырады. Со-
дан кейін әрекет нәтижесін салыстырғыш (акцептор) аппарат іске
қосылады (6-тараудағы 36-суретті қараңыз). Физиологиялық жүйе
лимбия, торлы құрылым және ми қыртысының белгілі аймақтарын
қамтиды.

    Бейімделу кезінде ақиқатты бейнелеу негізгі шартты рефлекстер
арқылы жасалады. Ол әсіресе, бейімделудің сақтық және ишаралық
мәнін айқын бейнелейді.

    Жоғарыда айтылғандай, әрбір бейімделу, әсіресе, төтенше
жағдайларда, зор энергия шығынымен тіршіліктің маңызды
жүйелерін реттеуші механизмдердің күш салуын талап етеді. Бұл
бейімделудің алғашқы сәттерінде компенсациялық механизмнің
белсендірілуі арқылы жүзеге асырылады.

    Жалпы компенсациялық механизмдер ортаның төтенше фак-
торларынан туатын алғашқы рефлекстік реакция. Ол организмдегі
әрекеттер биологиялық маңызы бойынша организмнің қосалқы
амалдарының негізгі бөлімі болып саналады. Олар – өте жылжы-
малы, организмнің апаттан шығу жағдайларын қамтамасыз ететін,
жедел пайда болатын физиологиялық амалдар. Сондықтан бұл
тиімді компенсациялық механизмдер барабар емес жағдайларға
бейімделудің тиянақты кезеңі дамығанша ұстап тұрады.

    Организмнің бейімделу механизмдері ішінде эндокриндік
жүйенің мәні өте зор. Мұны тұңғыш анықтаған канадалық ғалым
Г. Сельенің (1935) айтуынша, бейімделудің негізін гипоталамус-
гипофиз адренокортикалық жүйенің белсенділігі құрайды. Мұны
организмнің стресс жағдайларында байқауға болады. Стресс –
ортаның күші мен қасиеті әртүрлі факторларына жауап ретінде туа-
тын организмнің арнайы емес реакциясының жиынтығы. Бұл күйдің
биологиялық мәні – ортаның жаңаша жағдайларына икемдеуші
механизмдерінің іс-әрекетін көтеру. Икемделу реакциялары
неғұрлым жоғары болса, соғұрлым организм қоршаған ортаның
төтенше жағдайларына төзімді келеді және жылдам бейімделеді.

    Г. Селье организмнің төзімділік қасиетінде жетекші мәні бар
негізгі жүйелік әсерленіс тек аденогипофиз және бүйрекүсті безі
гормондарының белсенділігі деп санады. Алайда, ол стресс кезінде
гормондардың рөлін ерекше дәріптегенімен, кейінгі еңбектерінде

           31

⇐ МАЗМҰНЫ
   26   27   28   29   30   31   32   33   34   35   36