Page 32 - indexf
P. 32

бейімделуге басқа механизмдердің де қатысатындығын теріске
шығарған жоқ. Расында, тітіркендіргіштердің әсері вегетативтік
жүйке арқылы әркелкі ұлпаларға, оның ішінде бүйрекүсті безінің
милы қабатына жететіндігі дәлелденді. Сөйтіп соңғыларда адре-
налин мен норадреналинді жұмылдыратындығы анықталды. Ал
басқа жүйке жолдары гипофиздің сыртқы бөлігінде вазопрессинді
белсендіріп, қан тамырлары жүйесі мен бүйрекке ықпал жасайды.

    Қазіргі кезде бұл механизмдер көптеген жұмыстарда одан әрі
дәлелдене түсуде. Мысалы, біздің зерттеулерімізде Пәкістанның
орталық және оңтүстік жазық аудандарын мекендеген студенттердің
Семей қаласының климаттық жағдайына бейімделуін зерт-
теу барысында вегетативті жүйке жүйесінің функциялық күйі
зерттелінген 81,4% шетелдік студенттердің симпатикалық және
парасимпатикалық тонус қатынасының бұзылуымен және 80,0%
– вегетативті реактивтілік өзгерістерімен сипатталған. Ол аудан-
дар мынадай климаттық ерекшеліктерімен сипатталады: елдің
үлкен бөлігі құрғақ континенталды субтропикалық климат болып
келеді. Қаңтар айында Үнді жазығында температура +12°С-тан
+16°С-ге дейін болады, аязды күндер кейде ғана -20°С-ге жететін
тек елдің солтүстігіндегі тауларда байқалады. Қаңтарда орташа
температура +14°С, шілдеде +30°С мөлшерінде болады. Ал Семей
қаласының қысқы айларында ауаның орташа температурасы -14°С
(Б. А. Жетпісбаев, А. Ш. Қыдырмолдина, 2003).

    ВЖЖ функциялық күйі бұзылған студенттерде иммундық
жүйе көрсеткіштерінің өзгерістері жоғары деңгейде болған. Бұдан
бейімделу үдерісінде орын алған организмде жүретін өзгерістер
атап айтқанда, вегетативті жүйке жүйесі күйімен байланысты екенін
көруге болады.

    Сонымен қатар стрессорлық факторлардың әсерінен гипофиздің
алдыңғы бөлігінде кортикотропинмен бірге соматотропин және го-
надотропин гормондарының түзілуі жеделдейді. Қазіргі кезде бұл
құбылыстар гипоталамустың «босатушы (рилизинг) факторлары»
арқылы жүзеге асырылатындығы күмәнсіз сипатталды. Ол әрине,
өзінің ықпалын мидың басқа құрылымдарымен (лимбия жүйесі,
орталық ми) бірігіп іске асырады.

    Организмнің стрессорлық реакцияларына бүйрекүсті безінің
тағы бір гормоны – альдостерон қатысады. Ол өзінің әрекетін ре-
нинангиотензин жүйесі арқылы жүзеге асырады. Сондықтан бұл

           32

⇐ МАЗМҰНЫ
   27   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37