Page 278 - indexf
P. 278

организмінің қызметтік мүмкіндіктеріне барабар (адекватты)
жаттығу мен тынығу режимдерін сақтау болып табылады.

    Шамадан тыс шыныққандық күйінің ауырлығына байланыс-
ты бұзылған жұмысқа қабілеттіліктің қалпына келуі не дене
жүктемелерін төмендетуді, не оларды мүлдем тоқтатуды қажет етеді.
Спортшыға 1-2 апта немесе 1 ай бойына белсенді тынығу немесе
толық демалыс керек. Түрлі реабилитациялық заттар – дәрумендер,
биологиялық белсенді заттар, массаж, физиотерапия және т.б.
қолдану ұсынылады.

    Кейбір авторлар шамадан тыс шыныққандықты екі типке
жіктейді, оның 2-типі бойынша жалғыз коррекция әдісі ұзақ уақыт
бойына (6-8 айға дейін) жүктеме сипаты бойынша қарама-қарсы
басқа бұлшық ет қызметі түріне ауыстыру болып табылады.

    Шамадан тыс зорығу – түрлі функцияларды жүйкелік және
гуморалдық реттеу үдерістерінің, зат алмасу мен гомеостаздың
бұзылуынан туындайтын организмнің функциялық күйінің дереу
төмендеуі. Ол организмнің дене жүктемесі кезінде энергия ресур-
старына деген сұраныстары мен оларды қамтамасыз ету арасындағы
сәйкессіздіктен туындайды. Бұл күйдің дамуында гормондық
тапшылықтың, әсіресе, жұмыс кезінде гипофиздің адренокортико-
тропты гормон резервтерінің түгесілуінің рөлі аса зор.

    Шамадан тыс зорығудың дамуы кезінде натрий мен калий
иондарының балансы бұзылады, ал бұл жүйке мен бұлшық ет
жүйелерінде қозу үдерістерінің қалыпты өтуінің ауытқуын туды-
рады. Бұл өзгерістер, атап айтқанда, жүрек бұлшық етінің ошақтық
және диффузиялық зақымдалуына әкеледі. Оның күйінің өзгерістері
кезінде тіпті, спортшы дистанциялардан өту үдерісінде тікелей мио-
кард бұлшық ет талшықтарының жарылуына да әкелуі ықтимал.

    А. С. Солодков бойынша шамадан тыс зорығудың басты себебі
шектен тыс және жылдамдатылған дене жүктемелері болып табыла-
ды. Оның:

    1) Жедел;
    2) Созылмалы деген екі түрі бар.
    Жедел (жіті) шамадан тыс зорығу қатты әлсіздік, бас айналу,
жүрек айну, ентігу, жүрек қағу, артериялық қан қысымының түсуімен
қатар жүреді. Ол ең ауыр жағдайларда оң жақ қабырға асты бауыр
ауырсынуына, жедел жүрек жеткіліксіздігіне, талып қалуға әкеліп,
тіпті өлімен де аяқталуы мүмкін.

           278

⇐ МАЗМҰНЫ
   273   274   275   276   277   278   279   280   281   282   283