Page 279 - indexf
P. 279

Созылмалы шамадан тыс зорығу спортшы организмінің
қызметтік мүмкіндіктеріне сәйкес келмейтін жаттығу жүктемелерін
көп рет қолданған кезде байқалады. Олар қатты шаршаумен, ұйқы
мен тәбеттің бұзылуымен, жүрек тұсында шаншып ауырсынумен,
артериялық қан қысымының аса жоғарылауы немесе төмендеуімен
көрінеді. Спортшының жұмысқа қабілеттілігі дереу төмендейді.

    Дене жүктемелерін азайту немесе толық тоқтату организмнің
қалпына келуіне әкеледі. Сонымен қатар жүрек-тамыр жүйесінің
өзгерістеріне емдік дәрілік заттар қолданылады. Және де дұрыс
теңдестірілген тамақтану мен дәрумендерді қосымша қабылдауға
аса көңіл бөлу қажет. Жұмысқа қабілеттілікті қалпына келтірудің
биологиялық факторлары туралы 5-тарауда толығымен баяндалған.

           279

⇐ МАЗМҰНЫ
   274   275   276   277   278   279   280   281   282   283   284