Page 299 - indexf
P. 299

минуттық қан көлемі ортаның бейтарап жағдайында осындай
жұмысты орындау кезіне қарағанда жоғары болады. Жүректің жиы-
рылу жиілігіне температурадан басқа жоғары ауа ылғалдылығы
да ықпал етеді. ЖЖЖ артуы ыстық жағдайда жұмыстың жаңа
басталған кезінен байқалады. Жүректің минуттық қан көлемі
жұмысты орындау үдерісінде біртіндеп артады, ал систолалық көлем
прогрессивті (ілгерілей) азаяды. Жүректің минуттық қан көлемінің
артуы жылу шығарудың күшеюі үшін тері тамырлары арқылы
қосымша қан айналысын қамтамасыз етеді.

    Орындалатын жұмыс қуаттылығының артуымен жүректің минут-
тық қан көлемінің «жылылық» өсуі азаяды. Ыстық жағдайларда суб-
максималды және максималдыға жуық аэробтық жүктемелерді
орындау кезінде жүректің минуттық қан көлемі шамамен, бейтарап
температуралық жағдайдағы сияқты болады. Дегенмен, жоғары ауа
температурасы кезінде ЖЖЖ қосымша жоғарылауымен өтелетін
систолалық көлемнің елеулі төмендеуі жүреді. Жүректің минуттық
қан көлемі одан әрі арта алмайтындықтан, тері қан айналысының әрі
қарайғы күшеюі тек жүректің минуттық қан көлемінің қайта тара-
тылуы есебінен қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде жұмыс атқаратын
бұлшық еттер арқылы қан айналысы азаяды, олардың оттегімен
жабдықталуында тапшылық туындайды, бұлшық еттердің энергия
өндіруде анаэробтық үлесі артады. Сондықтан сол бірдей субмак-
сималды және максималдыға жуық аэробтық жүктемелер кезінде
қандағы лактат концентрациясы бейтарап жағдайларға қарағанда
ыстық жағдайларда жоғары болады.

    Жұмыс атқарушы бұлшық еттердің қанмен жабдықталуының на-
шарлауы – ыстық жағдайларда жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуінің
басты себептерінің бірі. Жоғарыда айтылғандар бойынша бұлшық
ет қан айналысының нашарлауы екі негізгі себептердің салдары-
нан болып табылады: біріншіден, жылу шығарудың күшеюі үшін
тері тамырларына бағытталған жүректің минуттық қан көлемінің
үлесі артады, екіншіден, дегидратацияның даму өлшемі бойын-
ша қан айналымдағы қанның жалпы және орталық көлемдерінің
төмендеуінен веналық қайтарылудың түсуімен туындаған
систолалық көлемнің азаюы нәтижесінде жүректің минуттық қан
көлемі азаяды.

    Тері қан айналымының мүмкін болатын максималды көлемді
жылдамдығы – 7-8 л/мин. Сонда да тіпті, өте жоғары ауа темпера-

           299

⇐ МАЗМҰНЫ
   294   295   296   297   298   299   300   301   302   303   304