Page 300 - indexf
P. 300

турасы кезінде де тері қан айналысы 3-4 л/мин-тан аспауы ықтимал.
Сәйкесінше тіпті осы жағдайларда да тері тамырлары біршама
тарылған (белсенді тамыр тонусы күйі). Жұмыстың жалғасуы бо-
йынша біртіндеп тамыр тонусының төмендеуінен тері тамырлары
кеңейеді. Нәтижесінде тері тамырлары торларына қанның одан әрі
көп мөлшері бағытталады, ал жұмыс атқарушы бұлшық еттердің
қанмен жабдықталуы одан әрі нашарлайды.

    Тері тамырларының кеңеюімен жалпы перифериялық тамырлар
кедергісі азаяды. Өзгермеген жүректің минуттық қан көлемі кезінде
бұл тіпті, тамырлық коллапсты (талуды) тудыратын деңгейге дейін
біртіндеп төмендейтін артериялық қан қысымының түсуіне әкеледі.
Әсіресе, жүректің минуттық қан көлемінің төмендеуінен артериялық
қан қысымы дереу төмендейді. Бұл ЖЖЖ сол адам үшін максимал-
ды мүмкін болатын деңгейге жеткенде жүреді, ал систолалық көлем
төмендеуі жалғасады.

    Ыстық жағдайларда жұмыс кезінде жатырлық қан айналысы
дереу төмендегендіктен құрсақ қуысы мүшелерінің, ең алдымен,
бауырдың жеткіліксіз қанмен жабдықталуымен байланысты орга-
низм үшін қосымша қиындықтар туындайды. Жоғары ауа темпе-
ратурасы кезінде жұмыс бүйректік қан айналысының да күшейе
төмендеуін тудырады.

Жылуға бейімделу (акклиматизация)

    Адамда кәдімгі маусымдық климаттық өзгерістер физиологиялық
өзгерістерді тудырады. Акклиматизация – жаңа, үйреншікті емес
климаттық-географиялық орта жағдайларына бейімделу. Түрлі
факторлардың ықпал етуінде байқалатын адаптивті өзгерістерді
спортшыларды жарысқа дайындау кезінде білу қажет. Жасушалық,
мүшелік, жүйелік және организмдік деңгейдегі үдерістердің барлық
туа және жүре пайда болған бейімделу әрекетін адаптация деп атай-
ды (бейімделу туралы 2-тарауда толық баяндалған).

    Барлық адамдар (спортшылар) сол орта жағдайларына бәрі бір-
дей жылдам және толығымен бейімделе алмайды. Ол адамның жасы-
на, жынысына, жүйке жүйесі типіне, денсаулық күйіне, функциялық
күйіне (спортшының жаттықтырылу дәрежесіне), пихикалық-
эмоциялық тұрақтылыққа және т.б. байланысты.

           300

⇐ МАЗМҰНЫ
   295   296   297   298   299   300   301   302   303   304   305