Page 312 - indexf
P. 312

юы дене ядросы температурасының төмендеуінің алдын алады,
бірақ тері температурасының біртіндеп төмендеуіне әкеледі. Тері
температурасының түсуі өз кезегінде денеден жылу шығарылудың
төмендеуіне әкелетін қоршаған орта мен дене беткейі арасындағы
температура айырмасының азаюына әкеледі.

    Неғұрлым айтарлықтай тері вазоконстрикциясы әсіресе, аяқ
бақайлары мен қол саусақтарында жүреді. Мәселен, қол саусақтары
арқылы қан айналысы 100 және одан көп есе (120-дан 0,2 мл/
мин/100 г ұлпаға дейін) баяулауы ықтимал. Сондықтан аяқ-қолдың
дисталды бөлімдерінің ұлпа температурасы қоршаған орта темпе-
ратурасына дейін төмендеуі мүмкін. Мұнымен ең алдымен, аяқ,
қол саусақтарының, сонымен қатар сыртқы құлақ қалқандарының
неғұрлым суыққа әлсіз келетін үсуге шалдыққыш дене бөлімдері
болып табылатыны түсіндіріледі. Бастың қан тамырлары суықта
тарылуға айтарлықтай аз ұшырайды. Сондықтан жылудың көп
мөлшері (тыныштық күйде жалпы жылу өндірудің 25%-ына дейін)
жалаң бастан қоршаған ортаға беріледі.

    Тері вазоконстрикциясынан басқа денедегі жылудың ішкі
өткізгіштігінің азаюында және сәйкесінше жылуды сақтауда суық
жағдайларда қанның беткі веналармен емес негізінен терең веналар
арқылы ағу жағдайы маңызды рөл атқарады. Терең веналар артерия-
лармен қатар жатқандықтан олардың арасында жылу алмасу жүреді:
дене ядросына қайтып келген веналық қан артериялық қан есебінен
қыздырылады. Осылайша дене ядросы суықтануының алды алына-
ды. Керісінше, жүректен ағатын артериялық қан аяқ-қол артерия-
ларына келіп біртіндеп суынады және дисталды тері учаскелеріне
жеткенде оның температурасы неғұрлым төмен болады. Мысалы,
сыртқы температура 9°С кезінде қоршаған ортаға жылу жоғалтуын
азайтатын қол басы тамырларындағы қан температурасы 21°С-қа
дейін төмендеуі мүмкін.

    Суық жағдайға бейімделудің басқа маңызды механизмдері
суықтық дірілдеудің туындауы, яғни бұлшық еттердің еріксіз жиыры-
луы есебінен жылу өндірудің күшеюі болып табылады. Тыныштық
күйде жалаңаш адамда сыртқы температураны комфорттық
(қолайлы) деңгейден (29°С) 22°С-қа дейін төмендету кезінде мета-
болизм үдерісінің жылдамдауы жүрмейді, ал дене жылуы тері ва-
зоконстрикциясы күшеюі есебінен консервацияланады. Сыртқы
температура 22°С-тан төмен болғанда суықтық діріл есебінен мета-

болизм күшейеді.

           312

⇐ МАЗМҰНЫ
   307   308   309   310   311   312   313   314   315   316   317