Page 315 - indexf
P. 315

бұлшық ет температурасының төмендеуін тудыратын ортаның суық
жағдайларында нәтижелер төмендейді.

    Кейбір спорт түрлері (коньки жарыс, шаңғы, т.б.) жарыстары
мен жаттықтыру сабақтары көбіне, суық ауа райында өтеді. Деген-
мен, күшті аяз бен желді күнді қоспағанда суық жағдайлар кезінде
көбіне, спортшының жұмыс қабілеттілігі мен дене температура-
сын реттеуде ең алдымен, спортшы денесінде өте көп мөлшерде
метаболизмдік жылудың түзілуімен жүретін қарқынды бұлшық ет
әрекеті арқасында елеулі проблемалар туындамайды. Осы жылу
есебінен тіпті, суық жағдайлардың өзінде дененің айтарлықтай
қызуын және оның жоғары жұмыс температурасын ұстап тұру
мүмкін болады. Мәселен, егер еріксіз түрдегі суықтық діріл негізгі
алмасуды максималды 2-5 есе арттырса, онда күш сала орындала-
тын бұлшық ет әрекеті 20-30 есеге жоғарылатады. Суық жағдайда
жылудың атмосфераға берілуі конвекция және радиация есебінен,
ал тер бөліну кезінде тердің булануы есебінен жеңіл жүреді. Осы-
мен бірге қоршаған ортаның төмен температурасы (бірақ аяз емес)
жағдайында ыстық жағдайдағы жұмыс кезіне қарағанда жылу
шығару үшін жеңілдетілген жағдайлар төзімділікке жаттықтыру
кезінде жоғары жұмыс қабілеттілігі үшін алғышарттар жасайды.
Мысалы, 12°С жуық температура кезінде марафондық жүгіруден
кейін спортшының ректалды температурасы, тіпті, жүгіруге дейінгі
кезге қарағанда төмен (сәйкесінше, 37,3°С және 37°С) болады.

    Белгілі бір проблемалар суықта болудың бастапқы кезінде не-
месе осы жағдайларда жоғары бұлшық ет белсенділігі мен тынығу
кезеңдерін кезектестіре қайталау жұмыстары орындалғанда ту-
ындайды. Бұл жағдайларда жылдам жылу жоғалту салдарынан
суықтанудың алдын алатын спорттық киімнің маңызы зор. Тек өте
суық жағдайларда ғана жоғалған жылу мөлшері гипотермия күйінің
дамуымен бұлшық ет әрекеті кезінде өндірілген жылудан асып кетуі
мүмкін.

    Суыққа акклиматизация. Суыққа организмнің реакция-
сы дененің перифериялық аймақтарына жылудың берілуін азайта
отырып, ішкі температураны сақтауға көмектесетін тамырлардың
генерализацияланған тарылуынан тұратыны белгілі.

    Суық жағдайда ұзақ өмір сүру адамның суыққа қарсы тұру, яғни
ортаның төмен температурасы кезінде дененің ішкі қажетті темпе-
ратурасын ұстап тұру (суықтық акклиматизация) қабілеттілігін біраз

           315

⇐ МАЗМҰНЫ
   310   311   312   313   314   315   316   317   318   319   320