Page 314 - indexf
P. 314

кезінде жылу өндіру арту керек. Егер қосымша жылу түзілуді
қамтамасыз ететін бұлшық ет әрекеті жеткіліксіз дәрежеде қарқынды
болса, дене температурасы қалыптағы мөлшерден төмен түседі (ги-
потермия).

    Аз қуаттылықты жүктеме кезінде (оттегі пайдалану 1,2-1,4 л/
мин-қа дейін) оттегі пайдалану жылдамдығы төменгі ауа темпера-
турасы жағдайында комфортты температуралық жағдайға қарағанда
жоғары болады. Неғұрлым жоғары жүктеме кезінде (оттегі пайда-
лану 1,4 л/мин-тан жоғары) оттегі пайдалану жылдамдығы сыртқы
температураға тәуелді болмайды. Суық жағдайда бірдей оттегі пай-
далану жылдамдығы кезіндегі жұмыс термобейтарап жағдайдағы
осындай жұмыспен салыстырғанда ЖЖЖ біраз төмендеуін және
систолалық көлемнің жоғарылауын тудырады.

    Суық жағдайда салыстырмалы аз қуаттылықты жұмыс кезінде
жоғары энергиялық шығындар (оттегі пайдалану жылдамдығы
неғұрлым жоғары) суықтық дірілмен байланысты. Ол жүктеменің
айтарлықтай дәрежеге дейін артуымен жоғалады. Жеңіл жүктемелер
кезінде ректалды температура төмендейді, ал ауыр жүктемелерде
комфортты жағдайлардағы сияқты деңгейде қалады. Сонымен кейбір
қуаттылықты дене жүктемесінен (оттегі пайдалану жылдамдығы
2 л/мин-қа жуық) бастап жылу жоғалтуға сәйкес жылу өндірудің
критикалық деңгейіне жеткенде суықтық діріл жоғалады және
дененің жұмыс температурасының реттелуі тұрақталады.

    Қалыпты немесе (бұлшық ет әрекеті нәтижесінде) жоғары дене
температурасы кезінде суық жағдайларда ОМП және максималды
ЖЖЖ өзгеріссіз қалады. Бірақ өкпе вентиляциясы біршама күшейеді,
ал ОМП деңгейінде жүгірудің шекті уақыты төмендейді. Гипотермия
ОМП төмендеуіне әкеледі: дене ядросы температурасы 37,5°С-тан
төмен кезде дене температурасының әр градусы бойынша түсе оты-
рып, ол 5-6%-ға азаяды. ОМП мұндай төмендеуінің негізінде мак-
сималды ЖЖЖ түсуінен жүректің минуттық қан көлемінің азаюы
жатыр. Гипотермия жағдайында адамның төзімділігі төмендейді:
жүктеме ауырлығын субъективті бағалау дене температурасы-
на тәуелді болмаса да тұрақты аэробтық қуаттылықты жұмысты
орындаудың шекті уақыты азаяды.

    Максималды динамикалық күш белгілі шамада бұлшық ет тем-
пературасымен тура байланысты. Сондықтан көп динамикалық
күштің көрінуімен орындалатын жаттығуларда (спринт, секіру)

           314

⇐ МАЗМҰНЫ
   309   310   311   312   313   314   315   316   317   318   319