Page 308 - indexf
P. 308

қабылдау оның шекті ұзақтығының (жұмыс қабілеттілігінің) арту-
ына әкеледі. Көмірсулар ерітіндісі түріндегі сұйықтық тек судың
жоғалуын толтырып қана қоймай және ұзақ уақыттық жүктемелер
кезінде жоғары жұмыс қабілеттілігін сақтау үшін өте маңызды
қандағы глюкозаның қалыпты мөлшерін ұстап тұрады.

    Бұлшық ет жұмысы кезінде жоғалған су мөлшерін толтыру үшін
пайдаланатын «алмастырғыш» сұйықтықтар құрамы бірнеше та-
лаптармен анықталады. Ішілген сұйықтық асқазаннан қанға дерлік
сіңірілмейді. Судың абсорбциясы ішектерде жүреді. Сәйкесінше, ең
басты судың жоғалуын толтыру жылдамдығын асқазаннан ішекке
сұйықтықтың эвакуациялану шапшаңдығы анықтайды. Асқазанның
босау шапшаңдығына ондағы сұйықтықтардың көлемі, температу-
расы мен осмолярлығы ықпал етеді. Бұлшық ет жұмысы өздігінен
өзі асқазан босауының шапшаңдығына аз ықпал етеді.

    Едәуір сұйықтық көлемдері (500-600 мл) аз мөлшердегі
сұйықтыққа қарағанда асқазаннан тезірек өтеді. Бірақ арақашықтық-
та сұйықтықтың көп мөлшерін бір ретте қабылдау асқазанды тол-
тырып жағымсыз сезім мен ауыр тыныс алдыруды тудырады.
Сондықтан сұйықтықты аз мөлшерде жиі қабылдаған дұрыс. Мы-
салы, аралық қабылдау интервалы 10-15 мин-та 150-250 мл-ден су
ішіп отыру қажет.

    Суық сұйықтық жылы сұйықтыққа қарағанда асқазаннан
тезірек эвакуацияланады. Суық су (8-13°С) асқазан температурасын
7-18°С-қа түсіре отырып, ішекке сұйықтықтың өтуін жылдамдата
асқазан қабырғасы бірыңғай салалы бұлшық еттерінің белсенділігін
күшейтеді. Бұдан басқа асқазанда суық судың аз дәрежеде болса да
жылытылуы (жылу осы судың жылытылуына жұмсалғандықтан)
дененің жылу жоғалтуын күшейтеді. Сондықтан ыстық жағдайларда
жүргізілген жарыстар кезінде салқындатылған су ішу жылы суға
қарағанда, барынша мақсатқа лайықты болады. Асқазан моторика-
сы мен оның босау жылдамдығы біраз шамада ондағы заттардың
осмолярлығымен анықталады. Су асқазаннан жеңіл кетеді.
Асқазаннан одан да тезірек ас тұзының изотониялық ерітіндісі (NаСl
0,85% ерітіндісі) кетеді. Ерітіндідегі глюкозаның аз (5%-ға дейін)
мөлшерінің өзі асқазанның босауының айтарлықтай баяулауын ту-
дырады. Ішетін сұйықтыққа тұздарды (электролиттерді) қосу оның
осмолярлығын жоғарылатады. Осмолярлығы 200 мОсм/л-ге жуық
гипотониялық сұйықтық оптималды болып табылады. Мұндай

           308

⇐ МАЗМҰНЫ
   303   304   305   306   307   308   309   310   311   312   313