Page 311 - indexf
P. 311

алады. Тек неғұрлым айтарлықтай тәуліктік терді жоғалту кезінде
тәулігіне 4 л терге – 3-4 г тұз, 5 л терге – 10 г жуық тұз, 6 л терге
– 15 г жуық тұз есебінде тұздарды арнайы қабылдау қажеттілігі ту-
ындайды. Мұнда тұз таблеткалары міндетті түрде «алмастырғыш»
сұйықтықтар мөлшерімен барабар қолданылу керек.

    Ыстық жағдайларда көп күндік қарқынды жаттықтырудан кейін
денеде калий иондарының тапшылығы байқалуы мүмкін. Мұндай
тапшылықтың салдарынан қаңқа бұлшық еттері мен жүректің
жұмыс қабілеттілігінің төмендеуі, тер өнімінің азаюы, зәрмен
су және натрий мөлшерін жоғалтудың артуы, сонымен қатар
дене жүктемесінен кейін бұлшық еттерде гликоген ресинтезінің
бұзылуы мүмкін. Сондықтан ыстық жағдайда жүргізілген қарқынды
жаттықтыру кезінде ас рационында калийдің жеткілікті мөлшері
(тәулігіне 80 мэкв дейін) болуы қажет. Сонымен қатар жеңіл
еритін және асқазанда тез абсорбцияланатын калий препараттарын
қабылдау қауіпті. Себебі әсіресе, жүрек үшін токсинді болып келетін
гиперкалемияның күшеюі мүмкін.

    Төменгі ауа температурасы (суық) жағдайында спорттық
                                       әрекет

    Қоршаған ортаның температурасының төмендеуі кезінде сыртқы
орта мен дене беткейі температуралары арасында айырмашылықтар
артады. Бұл (конвекция және радиациялық жолмен жылу шығару
есебінен) дененің жылуды жоғалтуының күшеюіне әкеледі.
Суық жағдайларда жылу жоғалтудан денені қорғаудың негізгі
механизмдеріне перифериялық (тері) тамырлардың тарылуы мен
денедегі жылу өндірілудің күшеюі жатады.

    Суыққа бейімделудің физиологиялық механизмдері. Тері
тамырларының тарылуы (тері вазоконстрикциясы) нәтижесінде
дене ядросынан оның беткейіне жылудың конвекциялық (қанмен)
тасымалдануы азаяды. Терінің өзі және әсіресе, тері асты май
қабаттары жылуды нашар өткізетіндіктен, вазоконстрикция дене
«қабығының» жылуды оқшаулау қабілетін алты есеге күшейтуі
мүмкін. Басқаша айтқанда, суық жағдайларда дененің жылу
оқшаулайтын температуралық «қабығының» қалыңдығы артады
және сәйкесінше дене температуралық ядросы өлшемі азаяды.

    Жылудың дене ядросынан беткейге тасымалдануының аза-

                                      311

⇐ МАЗМҰНЫ
   306   307   308   309   310   311   312   313   314   315   316