Page 316 - indexf
P. 316

дәрежеде жоғарылатады. Суықтық акклиматизация негізінде: жылу-
ды жоғалтудың төмендеуі және негізгі алмасудың күшеюі сияқты екі
негізгі механизм жатыр.

    Суыққа акклиматизацияланған адамдарда тері вазоконстрикция-
сы азаяды, сондықтан акклиматизацияланбаған адамдарға қарағанда
олардың аяқ-қол температуралары неғұрлым жоғары болады. Бұл ме-
ханизм қорғаныс қызметін атқарады: төмен температура жағдайында
дененің шеткі бөлімдерінің суықтық зақымдалуының (үсуінің) ал-
дын алады және аяқ-қолдармен үйлестірілген (координацияланған)
қозғалыстарды жүзеге асыра алады. Суық суға аяқ-қолын жүйелі са-
латын адамдарда (жергілікті суықтық акклиматизация) осындай экс-
позиция кезінде жергілікті қан айналу еш айтарлықтай төмендемейді.
Бұл құбылысты қорғаныс бейімделуі ретінде қарастырған жөн.
Акклиматизацияланған адамдардың осылайша аяқ-қолдары аз
тоңады.

    Суықтық акклиматизация үдерісінде дененің жылу өндіруі өседі:
негізгі алмасу артады, бұлшық ет тонусы жоғарылайды, суықтық
діріл күшейеді, эндокриндік және жасуша ішілік метаболизмдік
қайта құрулар жүреді. Осымен қатар көптеген зерттеушілер әсіресе,
суық жағдайларда бұлшық ет әрекетіне қатысты суыққа адамның ак-
климатизациясын байқамаған.

    Алайда, жаттыққан адамдар жаттықпаған адамдарға қарағанда
суық жағдайларға жақсы төтеп бер алады. Дене жаттығулары
суыққа акклиматизацияланумен кейбір қатынаста ұқсас әсерлерді
тудырады: жаттыққан адамдар жаттықпаған адамдарға қарағанда
суықтық экспозицияға жылу өндірудің көп күшеюімен және тері
температурасының аз төмендеуімен жауап береді.

Орта биіктік және климаттық белдеулердің ауысуы
  жағдайларында спорттық жұмысқа қабілеттілік

    Атмосфералық ауаның барометрлік қысымды анықтайтын
айтарлықтай салмағы болады. Ол өзінің салмағымен сығылады,
сондықтан оның қысымы мен тығыздығы жер бетінде (теңіз
деңгейінде) көбірек және биіктеген сайын азаяды. Биіктікке бай-
ланысты барометрлік қысымның төмендеуі гипобаралық күйді ту-
дырады. Биіктікке шығу барысында барометрлік қысымның азаю-

           316

⇐ МАЗМҰНЫ
   311   312   313   314   315   316   317   318   319   320   321