Page 313 - indexf
P. 313

Суықтық діріл туындау кезінде оған бұлшық ет топтары біртін-
деп тартылып отырылады. Ол мойын, іш, кеуде бұлшық еттерінен
басталып, аяқ-қол бұлшық еттерімен аяқталады. Әртүрлі адамдар-
да суықтық дірілдеудің сипаты және дәрежесі бірдей емес. Суықтық
діріл дене ядросы мен беткейі температурасының өзгерістерімен бай-
ланысынан тыс біресе, пайда болады, біресе, жоғалып отырады. Тек
өте төмен температура кезінде ғана жалаңаш адамда діріл үздіксіз
созылады. Неғұрлым суықтық діріл қарқынды болса, соғұрлым
бұлшық еттік жылу өндіру жоғары болады. Сыртқы температураның
төмендеуінен, сонымен қатар ауа қозғалысы (жел) жылдамдығына
пропорциялы жылу жоғалтудан денені қорғауда суықтық дірілдің
үлесі жоғарылайды.

    Егде жастағы және кәрі адамдарда жастарға қарағанда
суықтық діріл әлсіз көрінеді, суық жағдайларда жылу өндіру аз
жоғарылайды және дене температурасы көп төмендейді. Жалпы
егде жастағы адамдардың локалды (жергілікті) суықтық әсерлерге
сезімталдықтары төмен болады немесе оны мүлдем сезінбейді.

    Жылу өндіру суықтық дірілмен байланыссыз (метаболизмдік
емес термогенез) метаболизмдік үдерістердің күшеюі есебінен де
жоғарылауы мүмкін.

    Суық жағдайда тыныштық күйде оттегі пайдалану жоғарылай-
ды. Бұл жоғарылау шамасы қоршаған орта температурасына, салы-
стырмалы май мөлшеріне (тері асты май қабатының қалыңдығына),
киім сипатына және сонымен қатар суықта болу мерзімінің
ұзақтығымен байланысты. Оттегі пайдалану жылдамдығы (АВА-О2
жүйесінің айтарлықтай өзгеріссіз) жүректің минуттық қан көлемінің
артуымен параллельді жоғарылайды. Мәселен, 5ºС ауа температура-
сы кезінде жалаңаш адамның оттегі пайдалану жылдамдығы және
жүректің минуттық қан көлемі екі есеге артады. Бірақ суықтық
экспозиция кезінде ЖЖЖ өзгеріссіз қалады, сәйкесінше, жүректің
минуттық қан көлемі систолалық көлемнің артуы есебінен ғана
жоғарылайды.

    Суық жағдайларда дене жұмыс қабілеттілігі. Суық жағдайлар-
да бұлшық ет жұмысы кезінде дененің жылу оқшаулауы айтарлықтай
төмендейді және жылу жоғалту (конвекциямен) күшейеді. Бұл
тыныштық күйге қарағанда жылу балансын сақтау үшін көп жылу
түзілу қажет екенін білдіреді. Сыртқы температураның төмендеу
мөлшері бойынша, яғни дене мен қоршаған орта арасындағы
температуралық градиенттің артуы барысында бұлшық ет жұмысы

                                      313

⇐ МАЗМҰНЫ
   308   309   310   311   312   313   314   315   316   317   318