Page 310 - indexf
P. 310

Ыстық жағдайларда жаттықтыру үдерісінде суды және
тұздарды жоғалту. Спортшы әсіресе, ыстық жағдайларда күнделікті
жаттықтыру уағында денеден термен бірге тұздар да кететін судың
көп мөлшерін жоғалтады. Мәселен, марафоншы ыстық ауа райында
қарқынды жаттықтырудың бір күнінде 9 л-ге дейін су жоғалтады.
Организмде бұл жоғалтылған су мөлшері толтырылмаса, су және
тұз балансының елеулі бұзылулары мен жұмысқа қабілеттіліктің
төмендеуі мүмкін. Сәйкесінше, ыстық жағдайларда жаттықтыру
күндері спортшы сабақ уағындағы сияқты, әсіресе, сабаққа дейін
және одан кейін де ең алдымен, жоғалған су мөлшерін толты-
ру үшін сұйықтықтың көп мөлшерін пайдалану керек. Ыстық
жағдайларда әсіресе, акклиматизацияланбаған адамдарда дене де-
гидратациясы дәрежесіне қарағанда шөлдеуді субъективті сезіну
әлсіздеу болады. Сондықтан жаттықтырудың алғашқы күндері
ішілген сұйықтың көлемі шөлдеу сезімімен анықталған мөлшерден
көбірек болу керек. Организмнің суға қажеттілігін бақылау ретінде
жаттықтыруға дейін және одан кейін спортшының салмағын өлшеу
жолымен жоғалтылған су мөлшерін анықтауға болады. Тіпті, кейде
сұйықтықты мөлшерден көп пайдаланудың өзі организмнен артық су
мөлшері бүйректер арқылы тез шығарылатындықтан спортшының
жұмысқа қабілеттілігіне жағымсыз ықпал ете қоймайды. Сонымен
қатар суды мөлшерден тыс артық пайдалану қан мен дененің басқа
сұйықтықтарының осмолярлығының төмендеуіне әкелетіндігі де на-
зардан тыс қалмау керек, ал ол өз кезегінде бұлшық ет дірілдеуіне
немесе тырысуына дейін кейбір жағымсыз құбылыстарға әкелуі
мүмкін. Сондықтан жаттықтыру арасында суды аз мөлшерде, бірақ
жиі-жиі ішу керек.

    Алайда, жұмыс үдерісінде денеде электролиттердің (Nа, Сl
және К) кідіруіне бағытталған механизмдердің іске қосылуына
қарамастан ыстық жағдайларда орындалған күн сайын және
ұзақ уақыттық жаттықтыру нәтижесінде тұздардың айтарлықтай
мөлшері жоғалуы мүмкін. Егер тәулігіне тер жоғалту орта есеппен,
3 литрді құраса, онда организмде жоғалтылған тұздар мөлшерін
толтыру толығымен кәдімгі ас рационымен қамтамасыз етіледі.
Мұнда спортшы тұздардың кейбір қосымша мөлшерін құрамында
өте көп емес (1 л ерітіндіге 200 мг Nа және 200 мг К жуық ) негізгі
минералдық заттар ғана болатын немесе олар мүлдем болмайтын
«өтеуші» (мысалы, минералдық суды) сұйықтықтарды ішу арқылы

           310

⇐ МАЗМҰНЫ
   305   306   307   308   309   310   311   312   313   314   315