Page 309 - indexf
P. 309

ерітінділерде қант аз (2,5%-ға дейін) болады, асқазанды тез босата-
ды және сондықтан судың ішектен қанға жеңіл сіңірілуін әрі судың
жоғалуының үлкен жылдамдықпен толтырылуын қамтамасыз ету-
ге қабілетті келеді. Қабылданған сұйықтықтың жалпы мөлшерін
анықтау кезінде кез келген жағдайда судың сіңірілуі максималды
жылдамдығы 0,8 л/сағ.-тан аспайтынын ескерген жөн.

    Сайып келгенде, күшті тер бөлінумен қатар жүретін ыстық
жағдайларда орындалған ұзақ ауыр жұмыс уақытында 2,5%-ға дейін
қант (көмірсу) мөлшері бар салқын гипотониялық ерітінділерді пай-
далану керек. Біраз су резерві болу үшін мәреге дейін шамамен,
жарты сағат қалғанда 500 мл ( құрамында көмірсулар жоқ) су ішкен
жөн. Арақашықтықта әр 10-15 мин. сайын 150-200 мл гипотониялық
ерітінділер қабылдау қажет.

    Егер жарыс организмнің қызып кетуі мен дегидратация қаупі
болмайтын бейтарап немесе суық жағдайларда (шаңғы жарыс)
өтетін болса, су қабылдау режимі басқадай болу қажет. Сұйықтықты
қабылдау көлемі мен жиілігі айтарлықтай азайып, ал ондағы
көмірсулар мөлшері (25%-ға дейін) артуы мүмкін. Бұл жағдайларда
тіпті, асқазаннан ішектерге ерітіндінің баяу орын ауыстыруының өзі
қанды көмірсулармен қамтамасыз етеді.

    Күшті тер бөлінумен жүретін жұмыс кезінде электролиттер
жоғалуын дереу толтыру организм тер бөліну арқылы тұзға қараған-
да, судың салыстырмалы көп мөлшерін жоғалтатындықтан, судың
жоғалуын толтыру сияқты рөл атқармайды. Бұдан басқа жаттыққан
(және ыстыққа акклиматизацияланған) спортшыларда жаттықпаған
адамдармен салыстырғанда тердегі тұздар мөлшері төмен болады.
Сондықтан ыстық жағдайлардың өзіндегі жарыс кезінде спортшы-
ларда тұздардың жоғалу мөлшері салыстырмалы көп емес. Мұнан
басқа тер бөліну қандағы және дененің басқа сұйықтықтарында
тұздар (ең алдымен, NаСl) концентрациясының жоғарылауын туды-
рады. Осыған байланысты бұлшық ет жұмысы кезінде тұздардың
көп мөлшерін қосымша қабылдау организм үшін тіпті, зиян келтіруі
мүмкін. Жарыс кезінде тіпті құрамында тұздардың аз мөлшері ғана
бар суды көп ішу олардың жоғалуын жеткілікті мөлшерде толтыра-
ды. Тек тер бөліну көп болатын (бірнеше күн қатарынан) қайталап
жүктеме әсер ету кезінде ғана қосымша тұздар мөлшерін қабылдау
ұсынылады. Бірақ дәл бұлшық ет жұмысымен айналысқан уақытта
қабылдауға болмайды.

           309

⇐ МАЗМҰНЫ
   304   305   306   307   308   309   310   311   312   313   314