Page 307 - indexf
P. 307

жағдайларда жарысқа дейін 7-12 күн бойы жаттықтыруды бастау
қажет.

    Егер мұндай жағдайларда жаттықтыру мүмкіндігі болма-
са, жылудың берілуіне кедергі жасайтын және тердің булануын
шектейтін костюмдер («терлеме»-«потник») қолдану керек. «Тер-
лемеде» жаттықтыру ортаның ыстық жағдайында жаттықтыруға
қарағанда аз болса да, жоғары жылуға тұрақтылық әсерін тудырады.

           Су қабылдау режимі

    Ыстық жағдайда күш сала орындалатын жұмыс кезінде жоғары
жылдамдықпен тер бөлінудің организмнің айтарлықтай дәрежеде
суды, сонымен қатар тұздарды жоғалтуына әкелетіні айтылып
өткен болатын. Нәтижесінде жұмысқа қабілеттілік және жылуға
тұрақтылық (ыстыққа үйрену қабілеті) төмендейді.

    Суды жоғалту және оның жарыс кезінде толтырылуы.
Жаттықтырушылар мен спортшылар арасындағы судың әлсірету
әсері жөнінде, «артық» сұйықтықтың жүрекке «қосымша» күш
түсіру туралы көзқарастары бойынша судың термен жоғалуын азайту
үшін суды аз ішу қажет деп санайды. Сонымен бірге физиологиялық
зерттеулер әсіресе, ыстық жағдайда күш түсіре орындалған жұмыс
нәтижесінде жоғалған су мөлшерін неғұрлым тезірек және тиісінше,
сол мөлшерде толтыру қажеттігін дәлелдейді.

    Егер спортшылар судың жоғалуын толтыру үшін арақашықтықта
сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін ішпесе, оларда (сондай немесе
басқа дәрежеде) дегидратация дамиды. Тердің бөлінуімен суды пай-
далану бірдей (су балансы) болған кезде суды аз пайдаланған және
әсіресе, суды қабылдамаған жағдайларға қарағанда сондай жұмыс
уақытында дене температурасы төмен болады. Сонымен ыстық
жағдайда жүргізілген жарыс кезінде сұйықтық қабылдау дененің
қызып кету қаупін азайтады.

    Ыстық жағдайда велоэргометрде орындалған жұмыс үдерісінде
суды бөліп-бөліп ішу қан плазмасының жоғалуын кідіртеді және
осылайша қан айналымдағы қанның қалыпты көлемін ұстап тұрады.
Нәтижесінде судың жоғалуын толтырусыз орындайтын жұмыс
кезіндегі сияқты деңгейге дейін систолалық көлемнің төмендеуіне
және ЖЖЖ жоғарылауына жол берілмейді. Жұмыс кезінде сұйықтық

           307

⇐ МАЗМҰНЫ
   302   303   304   305   306   307   308   309   310   311   312