Page 318 - indexf
P. 318

Тартылыс күші биіктік артқан сайын азаяды. Сондықтан орта
биіктік жағдайында секіру, лақтыру сияқты спорттық жаттығуларды
орындау барысында жоғары жетістіктерге жету қолайлы келеді.

    Альпинизмнен (шыңға өрмелеуден) басқа спорттың
барлық түрлерінде жаттықтыру мен жарыстар 2500-3000 м-ге
дейінгі биіктікте өтеді. Осыған орай спорттық практика үшін
1500-3000 м-ге дейінгі орта таулы аймақ биіктігінің организмге
физиологиялық ықпалының қаншалықты екенін білу өте маңызды.

               Төменгі атмосфералық қысымның жедел
                             физиологиялық әсері

    Биіктікке шыққан бетте-ақ немесе барокамерада «көтерілуге»
жауап ретінде гипобаралық гипоксия жағдайы тудырған организмде
бірқатар физиологиялық өзгерістер туындайды.

    Тыныс алу қызметі. Биіктікте тыныштық күйде немесе субмак-
сималды жүктемені орындау кезінде организмнің оттегіге қажеттілігі
жазықтағы сияқты болып қалады. Сондықтан организмді оттегімен
барабар қамтамасыз ету үшін биіктікте ауа көлемі бірлігіндегі оттегі
молекулалары санының азаюы өкпе вентиляциясы ұлғаюымен
сәйкесінше өтелуі керек. Бұл – биіктіктің гипоксиялық жағдайына
организмнің жылдам бейімделуінің негізгі функциялық механизмі.

    Тыныштық күйде 3000-3500 м-ге дейінгі биіктікте өкпе вентиля-
циясы басында аса айтарлықтай күшеймейді. Сондықтан сол сәтте-ақ
көбіне әсіресе, альвеолалық ауадағы оттегі парциалдық қысымының
көп төмендеуі байқалады. Биіктікте бұлшық ет жұмысын орындау
кезінде өкпе вентиляциясы жазыққа қарағанда ең әуеліден елеулі
көп болады. Сол бір адамның өзінде бірдей абсолютті (О2 пайдала-
нуы бірдей) жүктеме кезінде өкпе вентиляциясы неғұрлым биіктік
жоғары болған сайын соғұрлым күштірек жүреді.

    Бір жағынан жоғары биіктікте төменгі ауа тығыздығы сыртқы
тынысты жеңілдетеді, ал басқа жағынан алып қарағанда төмен
барометрлік қысым кезінде кеуде ішілік қысымды жоғарылататын
тыныс бұлшық еттерінің қабілеті төмендейді. Тұтасымен
алғанда, дегенмен, биіктікте тыныс алу аппаратының максималды
мүмкіндіктері теңіз деңгейіне қарағанда көбірек. Үлкен биіктікте
максималды жұмыс кезінде өкпе вентиляциясы 200 л/мин-қа жетуі
мүмкін.

                                      318

⇐ МАЗМҰНЫ
   313   314   315   316   317   318   319   320   321   322   323