Page 319 - indexf
P. 319

Барометрлік қысымның төмендеуі өкпе вентиляциясы күшеюі
мен басқа физиологиялық механизмдердің қанда және дененің басқа
ұлпаларында О2 мөлшерінің төмендеуін тосқауылдауына қарамастан
организмнің оттегі тасымалдау жүйесінің барлық буындарында О2
парциалдық кернеуінің азаюына әкеледі. Нәтижесінде митохондрия
маңайында оттегі қысымы теңіз деңгейінде 10 мм сынап бағанасы
тең және тіпті, 5600 м биіктікте 5 мм сынап бағанасы жуық болады.
Мұндай қысым дене жасушаларында тотығу ферментативтік реак-
циялары жүруі үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ету барысында
жетіп жатыр.

    Альвеолалық ауадағы О2 парциалдық қысымы тыныс алған
ауадағы осы газдың қысымымен және өкпе вентиляциясы өлшемімен
анықталады. Өкпе вентиляциясы неғұрлым жоғары болған сайын,
яғни, өкпеде ауа неғұрлым көп алмасса, соғұрлым альвеолалық ауа
құрамы атмосфералық ауаға тақау болады. Дегенмен, альвеолалық
ауадағы О2 парциалдық қысымы кез келген жағдайда осындай
атмосфералық (тыныс алатын) ауаға жуықтауы ғана мүмкін, бірақ
оған тең болу немесе одан асып кету деген мүлдем болмайды.
Осыған орай биіктіктің артуы (барометрлік қысым төмендеуі) бары-
сында атмосфералық ауада және сәйкесінше, альвеолалық ауада О2
парциалдық қысымы төмендейді.

    Атмосфералық және альвеолалық ауадағы О2 парциалдық
қысымының төмендеуіне пропорциялы артерия қанында О2
парциалдық кернеуі төмендейді (гипоксемия). Бұл – тыныштық
күйде өкпе вентиляциясының күшеюіне әсер ететін маңызды
стимулдардың бірі. Гипоксемия тыныс орталықтары белсенділігін
рефлексті күшейтетін каротидті және қолқа денешіктер хеморецеп-
торларын стимулдайды (ынталандырады).

    Биіктік гипервентиляциясы қаннан тыныс шығарылған ауа-
мен СО2 біржола жойылуының күшеюін тудырады. Нәтижесінде
биіктікке шығу барысында бұлшық ет спазмдарын (түйілуін) және
көлемді вазоконстрикция дамуын тудыруы мүмкін болатын артерия
қанында СО2 кернеуі төмендейді, яғни гипокапния дамиды. Әсіресе,
организм үшін ми тамырларының тарылуы салдары жағымсыз бо-
лады.

    Қаннан тыныс шығарған ауамен СО2 кетірілуінің күшеюі кезінде
ондағы бикарбонатқа қарағанда еріген СО2 мөлшері көп төмендейді.
Сондықтан биіктік гипервентиляциясының екіншілік әсері қан

           319

⇐ МАЗМҰНЫ
   314   315   316   317   318   319   320   321   322   323   324