Page 320 - indexf
P. 320

реакциясының сілті жаққа жылжуы – рН жоғарылауы (тыныс алу
алкалозы) болып табылады. Артериялық қандағы рН жоғарылауы
және СО2 парциалдық кернеуінің төмендеуі тыныс орталығына
тежеуші ықпал жасайды.

    Биіктікте өкпе вентиляциясы деңгейін гипоксиялық жағдайда
организмнің оттегімен барабар қамтамасыз етілу қажеттілігі мен
қалыпта қышқыл-сілті тепе-теңдігін сақтау қажеттілігі арасындағы
физиологиялық компромисс ретінде қарастыру керек.

    Биіктік гипоксия жағдайында артериялық қандағы О2
парциалдық кернеуінің төмендеуі гемоглобиннің оттегімен
пайыздық қанығуының төмендеуіне және сәйкесінше, қандағы
оттегі мөлшерінің төмендеуіне әкеледі. 2000-3000 м биіктікте
альвеолалық ауадағы О2 парциалдық қысымы шамамен, 80-60 мм
сынап бағанасы тең, яғни әлі оксигемоглобин диссоциациясы қисық
сызығының «тегіс», жоғары бөлімінде болады (60-сурет).

60-сурет. Жазық тұрғындарының оксигемоглобин диссоциация қисық
                           сызығы (Я. М. Коц бойынша)

Стрелкалар әртүрлі биіктікте гемоглобиннің оттегімен қанығу пайызын
                                        көрсетеді

    Бұл өкпе капиллярларында қанның оттегімен оксигемоглобин
түрінде гемоглобиннің 90%-дан аса, яғни салыстырмалы жоғары
қанығуына кепіл болады. Үлкен биіктікте О2 альвеолалық қысымы
оксигемоглобин диссоциация қисық сызығының «құлдилай» бастай-

           320

⇐ МАЗМҰНЫ
   315   316   317   318   319   320   321   322   323   324   325