Page 321 - indexf
P. 321

тын, ортаңғы бөліміне келіп жетеді. Сондықтан жоғары биіктікте
қанмен О2 байланыстыру мен тасымалдау қабілеті дереу төмендейді.

    Артериялық қанның оттегімен қанығуының қалыпты шама-
дан 80%-ға дейін төмендеуі «биіктік ауруы» атауымен белгілі
ауыр гипоксиялық симптомдар кешенін: бас ауруы, шаршау күйі,
ұйқының, ас қорытудың бұзылуы, т.б. тудырады.

    Жоғары гипоксия жағдайындағы бұлшық ет жұмысы уақытында
артериялық қандағы О2 мөлшері және парциалдық кернеуі
төмендеген, ал веналық қанда шамамен, кәдімгі жағдайдағыдай
болған. Сондықтан оттегі бойынша жүйелік артерия-веналық айыр-
ма бірдей жұмыс орындау кезінде жазыққа қарағанда тау жағдайында
азырақ.

    Неғұрлым биіктік жоғары (гипоксия дәрежесі күштірек) және
неғұрлым жүктеме қарқынды болған сайын, соғұрлым артериялық
қандағы О2 қанығу мен кернеуі айтарлықтай төмендейді.

    Биіктікте бұлшық ет жұмысын орындау кезіндегі бұлшық ет пен
қандағы сүт қышқылы концентрациясының артуы теңіз деңгейіне
қарағанда неғұрлым төмен жүктемелер кезінде жүреді (анаэробтық
табалдырық төмендеуі). Бірдей жүктеменің әсер етуі кезінде теңіз
деңгейіне қарағанда биіктік жағдайында бұлшық еттер мен қанда
сүт қышқылы концентрациясы жоғары, ал қандағы рН мәні төмен
болады. Субмаксималды аэробтық жүктемені орындау кезінде
биіктікте жоғарылаған лактацидемия өкпе вентиляциясы күшеюі
үшін қосымша стимул болып табылады.

    Биіктікте жұмыс істеудің алғашқы күндері қандағы лактаттың
максималды концентрациясы мәні теңіз деңгейінде қаншалықты
болса, соншалықты болады. Сәйкесінше, максималды анаэробтық
қуаттылық, тіпті, болмағанда лактацидті (гликолиздік) жүйемен
анықталатын бөлігі биіктікте төмендемейді. Бұл туралы сол сияқты
максималды оттектік қарыздылықтың биіктікте болудың алғашқы
күндері теңіз деңгейіндегідей болатыны да куәландырады.

    Қан айналым қызметі. Биіктікте қанның оттегімен төмен
қанығуы субмаксималды аэробтық жұмысты орындау кезінде ЖЖЖ
жоғарылауы есебінен қамтамасыз етілетін жүректің минуттық қан
көлемінің артуымен өтеледі. Систолалық көлем мұнда қалыпты
жағдайдағыдай немесе одан тіпті, бірнешеге азырақ болады.

    Артериялық қан қысымы көрсеткіштерінің көбіне биіктікте
диастолалық қысымның біраз төмендеуі байқалса да жазықтағы

           321

⇐ МАЗМҰНЫ
   316   317   318   319   320   321   322   323   324   325   326