Page 322 - indexf
P. 322

мөлшерден елеулі айырмашылықтары болмайды. Бұл перифериялық
тамыр кедергісінің азаюымен байланысты.

    Шекті аэробтық жүктеме кезінде жүректің минуттық қан
көлемінің, ЖЖЖ және систолалық көлемнің максималды шама-
сы теңіз деңгейімен биіктік жағдайында бірдей болады. ЖЖЖ
және жүректің минуттық қан көлемі максималды мәндерге
гипоксиялық жағдайларда теңіз деңгейіне қарағанда неғұрлым
төмен қарқындылықты жұмыс кезінде жетеді.

    Биіктікке көтерілу барысында коронарлық қан айналымы,
оттегімен жабдықталу және оны миокардтың пайдалануы
тыныштық күйде азаяды. Күш сала орындалатын жұмыс кезінде
жүрек бұлшық етінің оттегіні шығындауын жабу үшін коронарлық
қан айналым теңіз деңгейіне қарағанда биіктікте (шамамен,2500 м
биіктікте 10%-ға және 4000 м биіктікте 30%-ға) көбірек болу керек.

    Биіктікте жұмыс кезінде жүректің минуттық қан көлемі
артуының маңызды механизміне күшейтілген веноконстрика-
ция жатады. Осының арқасында орталық қан көлемі, сәйкесінше,
веналық қайтарылу артады. Ол артериялық қандағы СО2 кернеуінің
төмендеуіне (гипокапния) жауап ретінде туындайды.

    Гипобаралық қысым жағдайында бұлшық ет жұмысын орын-
дау кезінде организмнің оттегі тасымалдау мүмкіндіктері жүректің
минуттық қан көлемінің артуынан басқа артериялық қандағы О2
мөлшерінің өсуіне әкелетін жұмыс гемоконцентрациясы күшеюі
есебінен жоғарылайды.

    Сайып келгенде, биіктікте орындалған жұмыс уақытында ты-
ныс алған ауадағы оттегінің төмен қысымы (мөлшері) теңіз деңгейі
жағдайымен салыстырғанда өкпе вентиляциясының қосымша
күшеюін, жүректің минуттық қан көлемінің және жұмыс гемо-
концентрациясы дәрежесінің артуын тудырады. Бұл қосымша ме-
ханизмдер жұмыс атқаратын бұлшық еттер мен дененің басқа да
ұлпаларына оттегі тасымалдануын күшейтеді. Бірақ орта биіктік
жағдайындағы бұл адаптациялық реакциялар альвеолалық ауадағы
және артериялық қандағы О2 мөлшері мен парциалдық қысымының
төмендеуін толығымен өтей алмайды. Сондықтан гипобаралық
гипоксия жағдайында максималды аэробтық қуаттылық (ОМП)
төмендейді және күшті бұлшық ет жұмысын қамтамасыз ету үшін
анаэробтық энергия түзілуінің маңызы артады.

    Оттегі пайдалану жылдамдығы жұмыс басында қалыпты

           322

⇐ МАЗМҰНЫ
   317   318   319   320   321   322   323   324   325   326   327