Page 323 - indexf
P. 323

жағдайға қарағанда баяу өседі. Айтарлықтай шамада бұл қан ай-
налу жүйесінің баяу бабына келуімен негізделген. Сондықтан тау
жағдайында орындалған жұмыс үшін жоғары оттектік тапшылық
тән.

    Тыныс аппараты мен жүректің күшейтілген жұмысы, соны-
мен қатар қозғалыс координациясы бұзылулары теңіз деңгейіне
қарағанда бұл жағдайда жұмыстың энергиялық құндылығының
жоғары болуына әкеледі. Мәселен, 3500 метр биіктікте жазыққа
қарағанда бірдей сол жұмысты орындау кезінде О2 пайдалану 5%-ға
көп.

    Биіктікте бұлшық ет жұмысын қамтамасыз ету бойынша тыныс
алу мен қан айналу жүйелерінің қызметінің күшеюі теңіз деңгейіне
қарағанда неғұрлым тез қажудың дамуына алғышарттар жасайды.

    Жоғары биіктікте болу кезінде жүйке жүйесінің функциялық
күйінде өзгерістер жүреді. Осының нәтижесінде организм қызметі-
нің қалыпты реттелуі бұзылады.

    ОМП төмендеуі. Биіктікте болған бетте (немесе гипобаралық
камерада көтерілу кезінде) тыныс алатын ауадағы О2 парциалдық
қысымына немесе барометрлік қысымына тура тәуелділікте ОМП
төмендеуі байқалады. ОМП елеулі төмендеуі тек 1500 м биіктіктен
бастап (барометрлік қысым 650 мм сынап бағанасынан төмен)
жүреді. Осы деңгейден кейін ОМП әр 100 м биіктік сайын неме-
се тыныс алатын ауамен О2 парциалдық қысымының әр 5 мм сы-
нап бағанасына түсуіне шамамен, 1% азаяды. «Жазықтағы» ОМП
қатысты 2000-2300 м биіктікте (Мехико-сити, Цахкадзор деңгейі)
ОМП орта есеппен 10-17%, 3000 м биіктікте 20%, 4000 м биіктікте
30% төмендейді. Барометрлік қысым теңіз деңгейіндегі қалыпты
атмосфералық қысымның жартысына жуығын құрайтын 6000 м
биіктікте теңіз деңгейіне қарағанда ОМП орта есеппен екі есе төмен
болады.

    Биіктікте ОМП төмендеуі артериялық қандағы О2 мөлшерінің
азаюымен анықталады.

    Теңіз деңгейінде де байқалатын ОМП-да өте үлкен жеке
айырмашылықтар биіктіктің артуымен өсіп отырады. Неғұрлым
жаттыққан адамдарда биіктікте болған сәтте-ақ олардан азырақ
жаттыққан адамдарға қарағанда ОМП-дың тіпті, көп төмендеуі
жүреді.

           323

⇐ МАЗМҰНЫ
   318   319   320   321   322   323   324   325   326   327   328