Page 324 - indexf
P. 324

Биіктік акклиматизациясы (Биіктікке бейімделу)

    «Биіктік акклиматизациясы» термині биіктікте ұзақ уақыт
үзіліссіз көбірек немесе азырақ болу үдерісінде туындайтын ар-
найы физиологиялық бейімделудің жиынтығымен түсіндіріледі. Бұл
бейімделу адам организміне тыныстайтын ауадағы оттегінің төмен
қысымы ықпалын төмендетеді және осы арнайы жағдайларда оның
жұмыс қабілеттілігін жоғарылатады.

    Биіктік жағдайларына табиғи бейімделудің негізгі механизмде-
рін екі категорияға бөлуге болады. Біріншісі, дене ұлпаларына
оттегі тасымалдануының күшеюін қамтамасыз етеді, екіншісі,
ұлпалық деңгейде әсер ете отырып, энергияның аэробтық түзілуі
үшін жасушалардың оттегіні тиімді пайдалануының күшеюіне
бағытталады.

    Неғұрлым биіктікте болу кезеңі ұзағырақ болса, соғұрлым оған
бейімделу жетіле түседі және соғұрлым сол биіктікте жұмысқа
қабілеттілік жоғары болады. Биіктік акклиматизациясы үшін қажетті
уақыттың минималды кезеңі ең алдымен, оның биіктігіне байланыс-
ты болады: 2000-2500 м биіктікте шамамен, 7-10 күн, 3600 м биіктікте
15-21 күн, 4500 м биіктікте 21-25 күн. Бұл тек болжамды мерзімдер,
өйткені көпшілігі адамның жеке бас ерекшеліктеріне байланысты
болады. Сонымен бірге, тауларда болудың кез келген ұзақтығы
кезінде теңіз деңгейіндегі сол адамға тән жұмысқа қабілеттілік
деңгейіне жетпейді. Биіктікте болған жазық тұрғындарында
таудың тұрғылықты тұрғындарына тән оттегіні тасымалдаудағы
және утилдеудегі үнемдеу деңгейіндей болмайды. Кейбір адамдар
биіктікке мүлдем акклиматизацияланбайды және биіктік ауруынан
зардап шегеді. Кейде бұл тіпті, тауда дүниеге келген адамдарда да
байқалады.

    Биіктікте болу ұзақтығы бойынша акклиматизацияның төрт
деңгейін ажыратады:

    1. Жедел – 30 мин. дейін;
    2. Қысқа мерзімдік – бірнеше апта;
    3. Ұзақ – бірнеше ай;
    4. Тұрақты – биіктікте үнемі мекендеу.
    Гипобаралық гипоксия жағдайына бейімделудің негізгі
механизмдеріне:
    – өкпе вентиляциясының артуы және қан мен басқа ұлпалардың
қышқыл-сілтілік тепе-теңдігіндегі өзгерістер;

                                      324

⇐ МАЗМҰНЫ
   319   320   321   322   323   324   325   326   327   328   329