Page 33 - indexf
P. 33

реакция кезінде симпатикалық-адреналдық жүйемен байланысты
қан айналысы мен су-тұз гомеостазына қатысты бүйрек қызметінің
көрсеткіштері өзгереді.

    Организмде күйзеліс кезінде жаңа жағдайларға икемделудің жал-
пылама реакциялары байқалады. Мұндай стереотипті жауаптардың
жиынтығын Г. Селье бейімделудің жалпы синдромы деп атады. Ол:
абыржу, төзімділік (резистенттілік) және түгесілу (әлсіреу) сияқты
3 сатыдан өтеді. Абыржу сатысы естен тану (шок) және оған
қарсы кезеңдерден тұрады. Бұл кезеңде орталық жүйке жүйесінде
өзгерістер пайда болады, жабырқау, гипотония, гипотермия,
мембрананың өткізгіш қасиеті мен зат алмасу нашарлайды. Естен
тануға қарсы кезең қарама-қарсы көріністермен сипатталады.

    Төзімділік (резистенттілік) – әркелкі зиянды факторлар әсер
еткендегі организмнің орнықты күйін, яғни оларға төтеп беру
қасиетін көрсетеді. Бұл оның реактивтілік қасиетін қалыптастырады.
Реактивтілік организмнің төзімділік механизмінің жалпы атын
көрсетеді. Ал төзімділік – реактивтіліктің қорғаныс және икемделу
ісі екендігін айқындайды. Бұл сатыда бүйрекүсті безінің қыртысты
қабаты белсендіріліп, кортикостероидтар көп түзіледі.

    Төзімділіктің арнайы және бейарнайы түрлерін жіктейді. Ар-
найы төзімділік қоршаған ортаның тек белгілі факторларында
ғана байқалады. Ол кейбір жұқпалы аурулардан немесе жасанды
иммунитет қалыптастырудан кейін пайда болады. Сонымен бірге
ортаның белгілі бір факторларына (биік таулы жерде, суыққа, күшті
жүктемелерге және т.б.) бейімделу кезінде туады.

    Шетелдік студенттердің жергілікті мекені мен Семей қаласында
желтоқсан айына тән ауаның орташа температура айырмашылығы
28°С сипатталатын суықтық факторлар иммундық жүйенің нақты
өзгерістерін тудырған.

    Кейбір тітіркендіргіштер әсер еткенде пайда болатын бейімделу
мен жоғары төзімділік басқа да факторларға қарсы байқалады.
Мұны айқас төзімділік деп атайды. Алайда, кейбір жағдайларда,
керісінше, жоғары төзімділікпен қатар, басқа тітіркендіргіштерге
айқас өте сезімталдық болуы ықтимал. Бұл айқас сенсибилизация
деп аталады. Ол организмнің иммундық қасиеті арқылы ішкі және
сыртқы антигендерге әсіресезімталдығын сипаттайды. Өйткені ар-
найы төзімділік механизмі негізінен иммунитет арқылы жүзеге асы-
рылады.

           33

⇐ МАЗМҰНЫ
   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37   38