Page 325 - indexf
P. 325

–– өкпенің диффузиялық қабілетінің күшеюі;
    –– қандағы эритроциттер мен гемоглобин мөлшерінің жоғары-
лауы;
    –– ұлпалық деңгейдегі өзгерістер жатады.
    Өкпе вентиляциясының артуы. Адаптациялық гипервенти-
ляция биіктікте болған алғашқы бірнеше сағаттарда-ақ байқалады.
Бірнеше күн барысында сол жүктемені орындау кезінде өкпе
вентиляциясының әрі қарай артуы жүреді. Осы биіктікте бір аптадан
соң ӨВ жоғарылаған деңгейі тұрақтанады. Гипобаралық гипоксия
жағдайына ұзақ мерзімдік акклиматизация тыныс алу реттелуінің
хеморецепторлық механизмі сезімталдығын азайтады: тыныс
алу орталығына рефлекстік ықпалы және оның гипоксиялық пен
гипокапниялық стимулдарға реакциясы әлсірейді.
    Жазық жағдайға оралғанда ӨВ кәдімгі деңгейге жетуі үшін
бірнеше апта қажет болады.
    Өкпенің диффузиялық қабілеттілігінің жоғарылауы. Өкпе-
нің диффузиялық қабілеттілігі биіктік акклиматизациясы үдерісінде
баяу өзгереді. Тіпті, 5800 м биіктікте 6 ай болғаннан кейін өкпенің
диффузиялық қабілетінде елеулі өзгерістер байқалмайды. Сонымен
бірге ол жоғары биіктіктің тұрғылықты тұрғындары мен ұзақ өмір
сүрушілерінде жазық жердің тұрғындарына қарағанда жоғары бола-
ды.
    Биіктікте ұзақ өмір сүретін адамдарда газдар диффузиясы үшін
өкпенің жалпы беткейі біршама артады, ол ең алдымен, өкпе капил-
лярлары көлемі мен альвеола ауданының олардың үнемі созылуы
– дилятациясы арқасында артуы есебінен жүреді. Бұл альвеолалық-
капиллярлық мембрананың жұқаруына әкеледі. Нәтижесінде ол
арқылы О2 молекулаларының диффузиясына қолайлы жағдай туады.
Кеңейген өкпе капиллярлары арқылы қан айналысының баяулауы да
О2 диффузиясы үшін жағдайды жақсартады.
    Биік таулы аймақтың тұрғылықты тұрғындарында жазық жердің
тұрғындарымен салыстырғанда барлық өкпе сыйымдылықтары
(жалпы, тіршілік, функциялық қалдық) көрсеткіштері мен өкпенің
қалдық көлемі ұлғайған.
    Қан жүйесіндегі өзгерістер. Қан жүйесіндегі негізгі адапта-
циялық өзгерістер оның оттегі тасымалдау мүмкіндіктерінің
жоғарылауына бағытталған.
    Биіктікке акклиматизация қан және басқа ұлпалардағы төмен

           325

⇐ МАЗМҰНЫ
   320   321   322   323   324   325   326   327   328   329   330