Page 326 - indexf
P. 326

О2 мен СО2 парциалдық кернеуіне бейімделу болып табылады.
Биіктік гипервентиляциясы альвеолалық ауадағы және сәйкесінше,
артериялық қандағы О2 парциалдық қысымының түсуіне кедергі
келтіреді. Бірақ биіктікте болған сәтте байқалған артериялық
қандағы О2 парциалдық кернеуінің төмендеу дәрежесі бірнеше
апта бойы акклиматизация барысында тұрақты болып қалады.
Биіктікте қысқа мерзімдік болу кезінде ӨВ өсуімен бірге артериялық
қандағы СО2 парциалдық кернеуінің төмендеуі жалғаса береді. Де-
генмен, биіктікке ұзақ мерзімдік акклиматизация нәтижесінде ол
жоғарылайды. Ол тыныштық күйдегі сияқты әсіресе, бұлшық ет
жұмысы кезінде айқындалады.

    Қан мен дененің басқа сұйықтықтарындағы қышқылдық-
сілтілік тепе-теңдік биіктікте бірнеше күн болу барысында қаннан
бүйректер арқылы (бикарбонаттардың) сілтілердің күшті экскре-
циясы мен олардың зәрмен кетірілуі арқасында біртіндеп қалпына
келеді. Қаннан бикарбонаттардың күшті экскрециясы оның рН
қалыпты (7,40 жуық) мөлшерге дейін қалпына келгенде тоқтайды.
Алкалоздың төмендеуі өкпе вентиляциясының әрі қарай күшеюіне
әкеледі.

    Жоғары биіктікке акклиматизацияланған адамдар қанында
буферлік негіздер (сілтілік резерв) мөлшерінің азаюының теріс әсері
бар: метаболизмдік қышқылдардың (ең алдымен, сүт қышқылының)
түзілуімен және олардың қанға бөлінуімен байланысты бұлшық
ет жұмысы кезінде туындайтын ацидозға қарсы тұру қабілеті
төмендейді. Бұл жұмыс қабілеттіліктің төмендеуі себептерінің бірі
болуы мүмкін.

    Артериялық қандағы лактат концентрациясы стандартты
субмаксималды аэробтық жүктемені орындау кезінде биіктікке ак-
климатизация барысында төмендейді. Әрі сол адамға тән қандағы
лактаттың максималды концентрациясы да ұзақ мерзімдік биіктікке
акклиматизация үдерісінде біршама азаяды.

    Қан плазмасының көлемі биіктікте алғашқы бірнеше күндер
болу барысында жазықтағы көлеммен салыстырғанда төмен болады.
Сондықтан гематокрит көрсеткіші артқан және қандағы эритроцит-
тер мен гемоглобин концентрациясы жоғарылаған. Мұнда неғұрлым
биіктік жоғары болса, соғұрлым плазма жоғалту күштірек (гемокон-
центрация дәрежесі жоғары) болады.

    Плазма көлемінің бас кезінде төмендеуі гипервентиляция мен тер

           326

⇐ МАЗМҰНЫ
   321   322   323   324   325   326   327   328   329   330   331