Page 327 - indexf
P. 327

бөлінудің күшеюі нәтижесінде жалпы дегидратация салдарынан бо-
лады. Тауларда болғандағы алғашқы күндері суды жеткіліксіз пайда-
лану дегидратацияны күшейтуі мүмкін. Бұл кезеңдерде қатты шөлдеу
сезімі болмайтындықтан тіпті, сұйықтыққа субъективті қажеттілік
туындамаса да оны қабылдау керек. Биіктікте әрі қарай болу
үдерісінде қан айналымдағы плазма көлемі бастапқы («жазықтағы»)
деңгейге дейін қалпына келеді. Орта биіктік жағдайында бұл үшін
бірнеше ай қажет болады.

    Қандағы эритроциттер мен гемоглобин мөлшері биіктікте
болудың алғашқы күндері гемоконцентрациямен байланысты
жоғарылайды. Гемоконцентрация артериялық қандағы оттегінің
қалыпты мөлшерін ұстап тұруды қамтамасыз етеді және осыған
орай организмнің гипоксиялық жағдайға тез бейімделуінде маңызды
рөл атқарады.

    Тауда алғашқы күндері болғанда қандағы эритроциттер санының
шынайы артуына әкелетін эритропоэз күшейеді. Ол 3000 м-ден
жоғары биіктікте 3-4 күн болғанда-ақ байқалады. Қан айналымдағы
үлкен өлшемдегі эритроциттер мен ретикулоциттер саны арта-
ды. 4800 м-ге дейінгі биіктікте эритроциттердің жалпы саны мен
сәйкесінше концентрациясының артуы дәрежесі таулардың биіктігі
және онда болу ұзақтығымен сызықтық тәуелділікте болады. 6000
м-ге дейінгі биіктіктің артуы кезінде эритропоэз төмендейді. Шыңға
өрмелеушілерде (альпинистерде) 7000 м-ден асатын биіктікте
бірнеше күн болған соң эритроциттер мөлшері 8,5 млн/мм³-ге жетеді.
15-кестеде көрсетілгендей таудың тұрғылықты тұрғындарында
неғұрлым мекен орнының биіктігі артқан сайын соғұрлым эритро-
циттер мөлшері көбірек болады.

                                                                       15-кесте
Биіктікке байланысты қандағы эритроциттер мөлшері

  Биіктік (м) 0 1000 1500 2500 3500 4500 5500 6500

Эритроциттер
мөлшері (млн/ 5,3 5,4 5,5 5,8 6,2 6,6 7,3 8,2

      мм3)

    Эритроциттердің жалпы саны (массасы) артуы есебінен биіктікке
акклиматизацияланған адамдарда қан айналымдағы қан көлемі
жоғары болады.

           327

⇐ МАЗМҰНЫ
   322   323   324   325   326   327   328   329   330   331   332