Page 339 - indexf
P. 339

пен тынығу, сонымен қатар ас қабылдау режимін дұрыс ұйымдастыру
қажет. Тамақтанудың дұрыс режимінен ауытқу артық салмаққа
әкеліп, ол өз кезегінде организмнің өмірлік ырғағын бұзып, зат алма-
су өзгерістерін тудырады. Мысалы, егер жалпы калориясы 2000 ккал
асты таңертең қабылдаса, салмақ азаяды, ал егер сол тамақты кешкі
сағаттарда қабылдаса, онда салмақ артады. 20-25 жастағы дене
салмағын сақтау үшін жеке тәуліктік энергия жұмсалуына сәйкес
және біраз қарын ашу сезімі байқалатын сағаттарда күніне 3-4 рет
тамақтану керек.

    Бірақ бұл жалпы заңдылықтар биологиялық ырғақтардың жеке
ерекшелігінің әр алуандығын ашып көрсетпейді. Барлық адамдарға
жұмыс қабілеттіліктің бір типті тербелістері тән емес. Осыған орай
адамдарды таңертеңгілік («бозторғайлар»), күндізгілік («кептерлер»)
және кешкілік («жапалақтар») деп үш түрге бөледі. «Бозторғайлар»
деп аталатын адамдар тобы күннің бірінші жартысында, ал
«жапалақтар» кешке жақсы жұмыс атқарады. «Бозторғайлар»
кешқұрым ұйқылары келіп ұйықтауға ерте жатады, бірақ ерте тұрып
өздерін сергек және жұмысқа қабілетті сезінеді (62-сурет). Олардың
ауқымды жұмыс қабілеті түске дейін байқалады. Ал «жапалақтар»
керісінше, кеш жатып кеш оянады, іске баяу қосылады, жұмысқа
қабілеті кешке қарай, көбінесе, түнде көтеріледі. «Кептерлер»
аралық типке жатады, оларда «бозторғайлар» мен «жапалақтардың»
қасиеттері болады. Олар ерте тұрғанды ұнатпайды, оған қоса кеш
жатқанды да жаратпайды. «Кептерлердің» жұмысқа қабілеттілігінің
екі шыңы: 10-12 және 15-18 сағаттарда байқалады. Мұндай типті
адамдар 7-8 сағат ұйықтағанды, қалыпты күн режимін сақтағанды
ұнатады. Адам егер (күніне 3-5 рет) ыстық тағам мен адаптогендер,
дәрумендік комплекстер қабылдаса, ал дене жүктемелерін оларға
бейімделуі бойынша біртіндеп арттырып отырса тезірек акклимати-
зацияланады. Жылы аймақтан келген студенттердің суық климаттық
жағдайға бейімделу барысында орын алған иммунологиялық
ауытқулар кезінде пантогематоген және аралия адаптогендерін
қабылдау иммунитет жүйесінің функциялық белсенділігінің
жоғарылауын қамтамасыз еткен.

    Бұл жағдайларды сақтамаса десинхроноз (өзіндік паталогиялық
жағдай) туындайды. Десинхроноз құбылысы әсіресе, ыстық және
ылғалды климатта немесе орта биіктік жағдайында жаттыққан
спортшыларда байқалады. Сондықтан халықаралық жарыстарға

           339

⇐ МАЗМҰНЫ
   334   335   336   337   338   339   340   341   342   343   344