Page 338 - indexf
P. 338

Адам организміндегі физиологиялық қызметтердің тәуліктік
тербелісінің негізгі себебі зат алмасуды төмендететін немесе
жоғарылататын жүйке жүйесі қозғыштығының кезеңдік өзгерісі
болып табылады. Зат алмасу өзгерісінің нәтижесінде түрлі
физиологиялық қызметтердің өзгерістері де туындайды. Мыса-
лы, тыныс жиілігі түнге қарағанда күндіз жоғары, түнгі уақытта ас
қорыту мүшелерінің қызметі төмен болады.

    Дене температурасының тәуліктік динамикасы толқын тәріздес
сипатта болатыны анықталған. Шамамен, кешкі сағат 6-да темпера-
тура максимумға жетсе, ал түн ортасында төмендейді: оның мини-
малды мәні түнгі сағат пен таңғы 5 аралығында болады. Тәулік ба-
рысында дене температурасының өзгерісі адамның ұйқыда болуына,
немесе қарқынды жұмыспен шұғылдануына байланысты емес.

    Дене температурасы биологиялық реакциялар жылдамдығын
анықтайды, күндіз зат алмасу барынша қарқынды жүреді. Тәуліктік
ырғақпен ұйқы және ояну тығыз байланысты. Ұйқыға өзіндік ішкі
сигнал дене температурасының төмендеуі болады. Тәулік барысын-
да ол 1,3°С-қа дейінгі амплитудамен өзгереді. Бірнеше тәулік бойы
әр 2-6 сағат сайын дене температурасын тіл астынан өлшей отырып,
ұйқыға кету моментін, ал температуралық шыңдар бойынша макси-
малды жұмысқа қабілеттілік кезеңдерін анықтауға болады. Күндіз
ЖЖЖ өседі, артериялық қан қысымы жоғары, тыныс алу жиірек
болады. Келесі күні оянған соң ЖЖЖ, артериялық қан қысымын
жоғарылататын, барлық организм қызметін белсендіретін қанда
адреналин мөлшері жоғарылайды, осы уақытта қанда биологиялық
стимуляторлар жинақталады. Кешке қарай бұл заттардың
концентрациясының төмендеуі тыныш ұйқыға жағдай жасайды.
Ұйқының бұзылуы көбіне, толқу мен абыржумен қатар жүретіні
белгілі: мұндай жағдайларда қанда адреналин және т.б. биологиялық
белсенді заттардың концентрациясы жоғарылайды, организм ұзақ
уақыт «жауынгерлік дайындық» күйінде болады. Биологиялық
ырғаққа бағына әр физиологиялық көрсеткіш тәулік барысында өз
деңгейін айтарлықтай өзгерте алады.

    Биологиялық ырғақтар адам өмірін дұрыс регламенттеудің
(тәртіппен белгіленудің) негізі болып табылады, себебі жоғары
жұмысқа қабілеттілік пен өз-өзін жақсы сезінуге өмір ырғағы
организмнің физиологиялық қызметінің ырғағына сәйкес келген
жағдайында ғана жетуге болады. Осыған орай еңбек (жаттықтыру)

           338

⇐ МАЗМҰНЫ
   333   334   335   336   337   338   339   340   341   342   343