Page 336 - indexf
P. 336

организмнің ішкі ортасының тіршілік тәртібіне, организмдердің
қызметіне, тамақтануына да байланысты қалыптасады.
Физиологиялық қызметтердің биологиялық ырғақтары сонша дәл,
нақты болғандықтан оларды көбіне, «биологиялық сағат» деп те
атайды. Уақытты есептеу механизмінің адам денесінің әр молеку-
ласында, соның ішінде генетикалық ақпаратты сақтайтын ДНҚ мо-
лекулаларында орналасқанын жорамалдауға негіз бар. Жасушалық
«кіші» биологиялық сағаттардан басқа мида орналасқан және
организмдегі барлық физиологиялық үдерістерді синхрондайтын
«үлкен» сағаттар бар.

    Биоырғақтардың жіктелуі. Ішкі «сағаттармен» немесе ырғақ
жүргізушілермен қалыптасатын эндогендік және сыртқы факторлар-
мен реттелетін экзогендік деп аталатын ырғақтар болады. Көпшілік
биологиялық ырғақтар аралас, яғни жартылай эндогендік және жар-
тылай экзогендік болып келеді.

    Көпшілік жағдайларда ырғақ белсенділігін реттейтін басты
сыртқы фактор – фотопериод, яғни күннің ұзақтығы болып табыла-
ды. Бұл уақыттың сенімді көрсеткіші болатын жалғыз фактор және
ол «сағаттарды» құруға қолданылады.

    «Сағаттардың» нақты табиғаты белгісіз, бірақ мұнда жүйкелік
сияқты эндокриндік компоненттер қатысатын физиологиялық
механизмдердің әсер ететіндігі күмән келтірмейді.

    Көпшілік ырғақтар жеке даму (онтогенез) үдерісінде
қалыптасады. Мәселен, баланың түрлі қызметтері белсенділігінің
тәуліктік тербелісі дүниеге келгенге дейін байқалады. Оларды
жүктіліктің екінші жартысында-ақ тіркеуге болады. Адамдағы
көптеген қызметтердің тәуліктік циклділігі дүниеге алғаш келген
күндерде көрініс береді.

    Биологиялық ырғақтар қоршаған ортамен тығыз өзара қатынаста
жүзеге аса отырып, осы ортаның циклді өзгеретін факторларына
организмнің бейімделу ерекшелігін көрсетеді. Жердің Күнді айна-
луы (жылға жуық кезең), Жердің өз осінде айналуы (24 сағатқа жуық
кезең), айдың Жерді айналуы (28 күнге жуық кезең) жарықтың,
температураның, ылғалдылықтың, электромагниттік өрістердің,
т.б.-дың өзгерістеріне әкеледі және «биологиялық сағаттар» үшін
уақыттың датчиктері болып табылады.

    Биологиялық ырғақтардың жиілігі немесе кезеңдері бойын-
ша көптеген айырмашылықтар бар. Тербеліс кезеңі шамамен, се-

           336

⇐ МАЗМҰНЫ
   331   332   333   334   335   336   337   338   339   340   341