Page 334 - indexf
P. 334

деу мен жаттықтырудың әсері туралы ғылыми мәліметтер қарама-
қайшылықтарға толы.

    Егер төзімділік жарыстары теңіз деңгейінің тұрғылықты спорт-
шылар жағдайында жүргізілген болса, тау жағдайында тұрақты
мекендейтін адамдарда артықшылықтар бар екені күмән келтірмейді.
Орта биіктікте максималды аэробтық жұмыс кезінде таудың
тұрғылықты тұрғындарында сол жаттықтыру деңгейіндегі жазық
тұрғындарына қарағанда неғұрлым қанның оттектік сыйымдылығы,
жүректің минуттық қан көлемі, жүйелі АВА-О2 және сәйкесінше,
ОМП жоғары болады.

    Басқа жағынан алып қарағанда, жоғары биіктікте үнемі не-
месе ұзақ уақыт мекендеу жазықта көрінетін аэробтық төзімділік
жағынан артықшылық әкелмейді. Жақсы жаттыққан спортшылар-
да орта биіктікте бірнеше апталап тұру және қарқынды жаттықтыру
теңіз деңгейіндегі эквивалентті жаттықтырумен салыстырғанда
әрқашан қосымша әсер бере бермейді. Тіпті, өте жоғары биіктікте
ұзақ уақыт болудың өзі жазықтағы аэробтық жұмыс қабілеттілік
көрсеткіштеріне нақты ықпал етпейді.

    Орта биіктікте дайындалудың жазық жағдайындағы орындалған
нәтижелерге ықпалын сараптау кезінде айтарлықтай жеке-дара ва-
риацияларды ескеру қажет: бір спортшыларда мұндай дайындық
жазықтағы нәтижелердің жоғарылауына, екіншілерінде, керісінше,
төмендеуіне әкелсе, ал үшіншілерінде, мүлде елеулі өзгерістер ту-
дырмайды. Осымен қатар реакклиматизация кезеңінде функциялық
күй мен спорттық жұмысқа қабілеттілігінің фазалық сипатта бо-
латынын, яғни спорттық жұмыс қабілеттіліктің жоғарылауы оның
уақытша төмендеуімен кезектесіп отыратынын ескерген жөн (61-су-
рет).

    Жазықтағы жұмысқа қабілеттілікті жоғарылату мақсатында тау
жағдайында жаттықтыру үдерісін арнайы ұйымдастыру, сонымен
қатар реакклиматизация кезеңі де маңызды рөл атқаруы ықтимал.

    Тау жағдайында ұзақ уақыт болу үдерісінде осы арнайы
жағдайларда жұмыс қабілеттіліктің жоғарылауына әкелетін ор-
ганизмде адаптациялық өзгерістер туындайды. Осымен бірге бұл
өзгерістер басқа арнайы жағдайларда, соның ішінде теңіз деңгейінде
жұмыстарды орындау кезінде елеулі артықшылықтар бермейді.
Осының барлығы спорттық жаттықтыру жарыс өткізілетін жағдайда
жүргізілу қажеттілігін көрсетеді.

           334

⇐ МАЗМҰНЫ
   329   330   331   332   333   334   335   336   337   338   339