Page 342 - indexf
P. 342

алғашқы күндері жаңа мекен орнының күн мен түн ауысымымен
келісімсіздігі (сыртқы десинхроноз), одан кешірек қайта құрылудың
әртүрлі жылдамдығы нәтижесінде олардың өзара келісімсіздігі (ішкі
десинхроноз) жүреді.

    Жаңа климаттық белдеу жағдайында десинхроноздың
айғақталуы, қызметтердің адаптациялық қайта құрылуының сипа-
ты мен жылдамдығы уақыт белдеулерінің өзгерістеріне, ұшудың
бағытына, тұрақты және уақытша мекен орындарындағы климаттық
ауа райы режимінің айырмашылықтарына (контрастылығына),
спортшының қимыл әрекетінің арнайы ерекшеліктеріне байланыс-
ты.

    Адам организмі функциялық күйінің елеулі өзгерістері 2-3
сағаттық белдеулерді қиып өткен кезде-ақ байқалады. Белдеу
айырмашылығы 4-5 сағат және әсіресе, 7-8 сағат болатын жерлерге
жылдам орын ауыстырған кездерде организм қызметінің тәуліктік
ырғағының айтарлықтай бұзылулары орын алады.

    Климаттық белдеулік адаптация тек негізгі тіршілік қызметтердің
жаңа тәуліктік ырғағының өндірілуімен ғана емес, сонымен бірге
биологиялық маңызы жаңа өмір жағдайында физиологиялық
жүйелер қызметінің адекватты жүйе аралық және жүйе ішілік инте-
грациясына жетуден тұратын жасуша және ұлпалық деңгейдегі аса
терең үдерістермен сипатталады.

    Қайта құрылудың ерекшелігі айтарлықтай шамада эндогендік
және экзогендік ырғақтардың қатынасымен анықталады. 7-8
сағаттық белдеу айырмашылығымен батыс бағытқа ұшу кезінде
экзогендік ырғақ белгілі тәулік кезеңі барысында эндогендік
ырғақпен бірлесіп, тәуліктік ритмиканың «шайылуына» әкеледі. Бұл
функциялық күйдің жаңа тәуліктік стереотипін салыстырмалы тез
қалыптастыруға негіздейді. 7-8 сағаттық белдеу айырмашылығымен
батыстан шығысқа ұшу кезінде экзогендік ырғақ негізінен эндогендік
ырғаққа қатысты қарсы фазада болады. Бұл жағдай жаңа өмір орта-
сына организмнің адаптациялық қайта құрылуын күрделендіретін,
тежейтін фактор болып табылады.

    Трансконтиненталды ұшу кезінде түрлі қызметтердің циркада-
лық ырғақтары әртүрлі жылдамдықпен – 2-3 күннен 1 айға дейін
қайта құрылады (R. Wever, 1980). Циклділікті қалпына келтіру үшін
ұшуға дейін әр күн сайын ұйықтайтын уақытты 1 сағатқа жылжытып
отыру керек. Егер ұшуға дейін осыны 5-7 күн бойы орындап қараңғы

           342

⇐ МАЗМҰНЫ
   337   338   339   340   341   342   343   344   345   346   347