Page 335 - indexf
P. 335

61-сурет. Орта биіктік жағдайынан оралғаннан кейінгі 2 ай барысында
  ОМП (А) және 1 ай барысында спорттық нәтижелердің (Ә) динамикасы

                                (Ф. П. Суслов бойынша)
  (Тауларда болғанға дейінгі жазықтағы көрсеткіштер 100% деп алынған)

    Жаңа климаттық орта жағдайындағы спорттық жұмысқа
                                   қабілеттілік

    Эволюция үдерісінде қалыптасқан организмнің қоршаған ор-
тамен байланысы оның тіршілік етуі үшін қажетті жағдай екенінін
И.М. Сеченов еңбектерінің өзінде көрсетілген болатын. Табиғи фак-
торлар кезеңдік өзгерістерге ұшыраған. Адам организмінің тіршілік
әрекетінің барлық көріністері де тұрақты болып қалмайды, ырғақтық
сипатта болады. Мұнда басты орынды тәуліктік ырғақ алады.

    Адамның биологиялық ырғақтары. Биологиялық ырғақ –
тіршілік барысында, өсіп-дамуда, организм жүйелерінің қызметінде,
зат алмасуда, олардың үнемі белгілі бір уақытта, маусымда күшейіп
және баяулап отыратын табиғи құбылыс. Басқаша айтқанда, тірі
организмдердегі биологиялық үдерістер мен құбылыстардың си-
паты мен қарқындылығының кезеңмен қайталанатын өзгерістері.
Биологиялық ырғақтың тәуліктік, апталық, айлық, маусымдық,
жылдық және бірнеше жылдық болатыны анықталған. Ол

                                      335

⇐ МАЗМҰНЫ
   330   331   332   333   334   335   336   337   338   339   340